22.11.2017 ж. Банктің ресми сайтында бекітілген өзгерістер/толықтырулар ескерілген «Еуразиялық банк» АҚ банктік және өзге қызметтерді көрсетудің стандартты талаптары» қосылу шартының жаңартылған мәтіні орналастырылды.
Осы шарт жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және банк клиенттері «Еуразиялық банк» АҚ-та жеке тұлғаларға арналған бөлшек банктік өнімдер бойынша қызметтер көрсету туралы мәмілені ресімдегенде қол қоятын шарттардың/өтініштердің ажырамас бөлігі болып саналады.
Бұның алдындағы «Еуразиялық банк» АҚ банктік және өзге қызметтерді көрсетудің стандартты талаптары» қосылу шарты 20.06.17 ж. бастап 21.11.17 ж. дейін (қоса алғанда) кезеңде жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары үшін жарамды болып қала береді.
Клиенттер құжаттармен Бөлшек өнімдер бойынша шарттар бетінде орналастырылған келесі сілтеме бойынша толығырақ таныса алады.