SMARTBANK-те жаңа қызмет іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз!
Енді сіздер Банктің бөлімшесіне келмей-ақ, SMARTBANK-те онлайн режимінде «Қазына Премиум» депозитін аша аласыздар!
Ол үшін SMARTBANK-ке кіріп, жай Өтініш нысанын толтырсаңыздар жеткілікті.
Назар аударыңыз! Депозит валютасы мен қаражат шешілетін шоттың валютасы бірдей болуы тиіс.
Ең төменгі сомасы: 5 000 теңге, 40 АҚШ доллары, 40 еуро.
Ең жоғары сома: теңгеде – шектеусіз, 500 000 АҚШ доллары, 500 000 еуро.
Валютасы: теңге, АҚШ доллары, еуро;
Мерзімі: 6, 12, 24 ай;
SMARTBANK немесе Банк бөлімшелері арқылы қаражатты толықтыру және ішінара алу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ SMARTBANK арқылы банктік қызметтің көптеген түрлерін жүргізе аласыздар:
- 140-тан аса әртүрлі қызметтер мен тауарларға ақы төлеу (коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, интернет-дүкендерде тапсырыс беру, билеттер мен көптеген тағы басқалары);
- өз шоттары мен үшінші тұлғалардың шоттарына банкішілік және банкаралық аударымдар жасау;
- валюта айырбастау;
- Банкте рәсімделген кредиттерді өтеу;
- АҚШ долларында және еурода халықаралық аударымдар жіберу;
- өзінің барлық ағымдағы, депозиттік, карточкалық, кредиттік шоттарының жағдайын тексеру;
- кез келген кезеңге шоттар бойынша үзінді-көшірмелер алу;
- кредиттер бойынша берешекті білу;
- төлемдер мен аударымдардың шаблондарын сақтау;
- тұрақты төлемдер мен аударымдар рәсімдеу;
- өзіңіздің операцияларыныңыздың тарихын қарап отыру.
Құрметпен, Еуразиялық Банк