logo
Қз

Ең көп таралған 5 алаяқтық схема

Еуразиялық банк ақша аударымдары жүйесін пайдалана отырып, алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін ескертеді.

 

Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Қазақстанда азаматтарды интернет арқылы алдаумен байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелген.

 

Еуразиялық банк алаяқтың кең таралған схемалары және жеке деректерді қорғаудың қарапайым тәсілдері туралы хабарлайды.

 

Банктерден немесе Құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің атынан шалынатын қоңыраулар

 

Әңгімелесу барысында қаскүнемдер банктік шоттарды пайдалана отырып жүргізілетін рұқсат етілмеген, алаяқтық операциялар не әлеуетті құрбандардың атына, яғни қоңырау шалған адамға қарыздарды рәсімдеу туралы хабарлайды.

 

Бұл жағдайда не істеу керек:

  • Әңгімені үзіп, полицияға хабарлаңыз.
  • үрейге бой алдырмаңыз, өйткені бірінші кезекте алаяқтар сұхбаттасушыны қорқытуға және бағдарсыздандыруға, банктік шоттар мен келіп түскен СМС-хабарламалар бойынша барлық мүмкін мәліметтерді алуға тырысады.
  • Қосымшаларды жүктемеңіз, әсіресе құрылғыларды қашықтан басқаруға арналған қосымшаларды (Anydesk, Teamviewer, Rustdesk, HopToDesk және т.б.);

 

Әлеуметтік желілер мен сауда алаңдарында тауарлар мен қызметтерді сату

 

Бұл түр — әртүрлі тауарлар мен қызметтерді жорамал түрде сатуды қарастырады. Әдетте, бұл автомобильдер, тұрмыстық техника, жиһаз, киілетін заттар, аксессуарлар, тұтыну тауарлары, тамақ өнімдері және т.б. Қаскүнемдердің мақсаттары — пайда табу болып табылады. Олар барлық жолдармен ақша қаражатын алдын ала төлем ретінде аударуды сұрайды.

 

Сіз өнімді өз көзіңізбен көрмейінше, мұндай мәмілелерден бас тартқаныңыз дұрыс, әйтпесе Сіз өз жинақтарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

 

Фишингтік сайттарды пайдалану

 

Алаяқтықтың бұл түрі — дербес деректер мен банктік мәліметтерді жинауға бағытталған. Мұндай сайттар нақты сайттар сияқты көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде алаяқтық болып табылады.

 

Мысалы, Сіз сайттардың бірінде хабарландыру жарияладыңыз және Сізге бұрын таныс емес адам хабарласып, жеткізуді рәсімдеуіңізді сұрайды. Содан кейін ол жеткізуді рәсімдеу үшін сілтемені жібереді. Сілтемені басу арқылы сіздің деректеріңізді, яғни Т.А.Ә., туған жылыңызды, банк картасының нөмірін, жарамдылық мерзімін және СVV-кодты енгізу ұсынылады. Толтырылғаннан кейін банк картасынан ақша қаражатын есептен шығарылады.

 

Криптовалютаға, бағалы қағаздарға және т.б. инвестициялау

 

Жаңа мүмкіндіктер мен технологиялардың келуімен криптовалютаға қозғалысы белсенді түрде дамып келеді. Криптовалютаға, бағалы қағаздарға және т.б. инвестициялау кезінде абай болыңыз. Кейбір қаскүнемдер акицяларды немесе криптовалюталарды сатып алу мен сату арқылы ақша табуды ұсынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде Сізді алдауға тырысады.

 

Мысалы, әлеуметтік желілерде олар жарнаманы орналастырады, онда акцияларды немесе криптовалюталарды сатып алу мен сату арқылы ақша табу ұсынылады. Бұдан әрі қаскүнемдер жәбірленушіге қоңырау шалады және оны Ұлттық компанияның немесе брокерлерге қызмет көрсететін басқа ұйымның қызметкері ретінде танысады. Олар тиімді ұсыныстармен қызықтыра бастайды, ақша салуға мәжбүрлейді, алдымен аз мөлшерде. Бірнеше күннен кейін олар тапқан пайдасымен салынған ақшаны қайтарады. Осыдан кейін олар қазірдің өзінде біраз ғана соманы тағы да салуын сұрайды да, жоғалып кетеді.

 

Егде жастағы азаматтарға қоңырау шалу

 

Қаскүнемдер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады және олардың жақын адамдары қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып қалғанын хабарлайды. Алаяқтар өздерімен бірге сөйлесіп отырған әңгімелесушінің жақындары қылмыстық қудалау орбитасында болуы мүмкін оқиғаның болғанына сендіреді. Сондықтан қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін олардың қызметкеріне ақша беруі қажет. Өз кезегінде олар «дроптар» деп аталатындарға қарай бағыттайды, ал олар қазірдің өзінде белгілі бір маршрут бойынша жүріп, зардап шеккендерден ақша алып, қаскүнемдерге береді.

 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен келген қоңырауларды көтерген кезде абай болыңыз. Мұндай айлаларға берілмеңіз және бұл туралы полицияға хабарлаңыз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.