logo
Қз

Moody’s агенттігі банкке B2 рейтингісін берді

Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Еуразиялық банкке S&P беретін В және Fitch беретін В рейтингіге ұқсас, B2 деңгейінде ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер бойынша рейтинг берді. Сондай-ақ агенттік b3 дербес кредиттік рейтингін, B1 контрагенттің ұзақ мерзімді тәуекел рейтингін, қысқа мерзімді депозиттік рейтингті және контрагенттің Not Prime тәуекел рейтингін берді.

Банктің даму болжамын агенттік «тұрақты» деп анықтады.

 

Moody’s сарапшыларының пікірі банктің қаржылық есебін мұқият талдауға, сондай-ақ оның топ-менеджерлерімен мағыналы сұхбат серияларының қорытындылары
бойынша түйіндерге негізделген. Агенттіктің талдаушылары банктің әртүрлі бизнес-сегменттердегі бәсекеге қабілеттілігін талдады, клиенттік базаның құрамын, өнімдік желіні, тарифтік кесте мен жасалған мәмілелерді  зерттеді.  Бұған қосымша Moody’s Еуразиялық банктің тәуекелдерді бағалау саясатымен және оның стратегияларымен танысты.

 

«Біз үшін Moody’s рейтингін иелену — Еуразиялық банктің дамуындағы оң трендті растайтын және оның іскерлік серіктес ретіндегі сенімділігінің куәсі болып табылатын маңызды оқиға. – деді Eurasian Bank басқарма төрағасы Валентин Морозов, — Біз Moody’s талдаушыларының Еуразиялық банк тұрақты табыс генерациялайтын және өтімділіктің үлкен қорына ие екендігі
туралы пікірін бейнелейтін рейтингтік бағалау деңгейіне қанағаттанамыз, бұл өз кезегінде Банкке жаңа стратегияны іске асыру және клиенттер үшін қызмет көрсету ауқымы мен сапасын жақсарту бойынша жұмыс жасай отырып, тұрақты дамуға мүмкіндік береді».

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.