logo
Қз

Кепілдікті өтемді төлеудің жаңа тәртібі туралы хабарлаймыз

Осы хабарламамен банк өзінің клиенттері – банк шоты және (немесе) банк салымы шартын жасасқан жеке тұлғаларды (бұдан әрі – салымшылар) банк барлық банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда кепілдікті өтемді төлеудің жаңа тәртібінің енгізілгені туралы хабардар етеді.

 

Кепілдікті өтемді төлеудің жаңа тәртібі келесі салымшыларға қолданылады:

  • Банк 2021 жылғы 30 сәуірден кейін банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарын жасасқан салымшылар, сондай-ақ
  • бұрын жасалған банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 мамырдан бастап жаңа мерзімге ұзартылған салымшылар.

 

Кепілдікті өтемді төлеудің жаңа тәртібі салымшылардың кепілдікті өтемді алудың екі тәсілін көздейді: (1) агент-банкте және (2) электронды түрде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың электрондық төлем порталы (бұдан әрі – ҚДКБҚ) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы. Бұл ретте кепілдікті өтемді төлеу мерзімі төлем басталған күннен бастап бір жылға шектеледі.

 

Агент-банктердің тізбесін көрсете отырып, кепілдікті өтемді төлеудің басталу күні, ҚДКБҚ төлеу кезеңі мен орындары туралы салымшыларды банк барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айырылған күннен бастап отыз бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

 

Егер салымшылар төлем басталған күннен бастап бір жыл өткен соң кепілдікті өтемді алу үшін жүгінбесе, онда ҚДКБҚ өздері талап етпеген сомаларды ерікті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына аударады.

 

Кепілдікті өтемді төлеудің жаңа тәртібі 2021 жылғы 1 мамырдан кейін барлық банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктердің, сондай-ақ депозиттері бойынша кепілдікті өтемді төлеу жүріп жатқан және кепілдікті өтемді төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 мамырға дейін белгіленген банктердің депозиттері бойынша кепілдікті өтемді төлеуге қолданылатын болады.

 

Атап айтқанда, “Астана Банкі” АҚ, “Tengri Bank” АҚ және “AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)” АҚ салымшылары 2022 жылғы 1 мамырға дейін “Еуразиялық банк” АҚ бөлімшелеріне кепілдікті өтемді алу үшін жүгінуге құқылы.

 

Төленетін кепілдікті өтемнің ең жоғары сомасы:

  • Ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 миллион теңге;
  • Ұлттық валютадағы карточкалар, шоттар және басқа депозиттер бойынша 10 миллион теңге;
  • Шетел валютасындағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 5 миллион теңге (банкті лицензиядан айыру күніне белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада).

 

Депозиттерге кепілдік беру мәселелері бойынша, оның ішінде кепілдікті өтемді алу тәртібі туралы қосымша ақпаратты салымшылар банк мамандарынан ала алады:

 

Қалалық нөмір: +7 (727) 332-77-22

E-mail: contactcenter@eubank.kz

Skype: skype.eubank.kz

 

Ұялы нөмірлер:

Beeline: +7 (771) 000-77-22

Tele2/Altel: +7 (700) 000-77-22

Kcell/activ: +7 (702) 000-77-22

 

немесе тікелей ҚДКБҚ-да колл-орталықтың 1460 телефоны бойынша.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.