logo
Қз

Еуразиялық банк пайданы цифрлық дамуға бағыттайды

“Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ 2020 жылғы дивидендтерді төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған “Еуразиялық банк” АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Оның орнына акционер банктің 4 млрд 157 млн теңге мөлшерінде таза пайдасын өзінің тұғырнамасы мен сервисін дамытуға жұмсайды.

 

“2020 жылдың қорытындысы бойынша банк табыстың айтарлықтай өсіміне қол жеткізді, алайда алдыңғы жылдардағыдай, біз дивидендтерді төлеуден бас тартып, барлық пайданы банктің одан  әрі дамуы мен нығаюына бағыттауды жөн деп  шештік, — деп банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов  айтып өтті. – Пандемиядан кейін Қазақстанның банк нарығы мен кредитке деген сұраныс қалпына келе бастады. Сондықтан капиталдың жеткілікті қоры арқылы банктің кредиттеуді сенімді арттыруына және технологиялық тұғырнаманы көптеген өнімдер мен қызметтерді мобильді цифрлық форматқа ауыстыра отырып,  жаңартуды жылдамдатуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз  .

 

2021 жылы Еуразиялық банк технологиялық тұғырнама мен ұйымдық құрылымды және сервистік модельді цифрлық трансформациялаудың жаңа стратегиясын қабылдады. Осы ауқымды жұмыстың басты назары клиенттердің ағымдағы қажеттіліктерін талдау және жаңа қажеттіліктерін анықтау, банк қызметтерін дербестендіру және қашықтықтан қызмет көрсету арналарын кеңейту арқылы клиенттік тәжірибені жақсартуға бағытталатын болады.

 

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылмаған пайда 2019 жылдың нәтижесінен 2 есе асып, 2 747 млн-нан 4 157 млн теңгеге дейін өсті.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.