logo
Қз

Еуразиялық банк су тасқыны салдарын жоюға тағы 250 млн теңге бөлді

Еуразиялық банк су тасқынының елеулі ауқымына және оның елге келтірген зиянына байланысты қосымша 250 млн теңге бағыттады. Ақша қаражаты Қостанайдың “Мейірімділік.Kst” қоғамдық қорына аударылды.

 

Бұған дейін банк су басу салдарын жою және табиғи апаттан зардап шеккендерді қолдау үшін “Қамқор-Ақтөбе 2024” қоғамдық қорына 200 млн теңге аударған болатын.

 

Банктің 450 млн теңге берілген өңірлік қорларға нақты назар аударуы қайырымдылық қаражатын жергілікті қажеттіліктерді ескере отырып, барынша жедел әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге деген ұмтылысына байланысты.

 

Еуразиялық банктің қаржылық қолдауы мал өліміне байланысты залалды өтеуге, сондай-ақ жүзу құралдарын, генераторларды, шаруашылық құрал-саймандармен қоса, қажетті техниканы сатып алуға көмектеседі. Сондай-ақ эвакуацияланған тұрғындарды тамақпен және уақытша тұрумен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар бөлінген қаражатты жарылыс жұмыстарын жүргізу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі басқа да қажетті іс-шараларға бағыттау көзделіп отыр.

 

Қаржылық көмектен басқа, банк зардап шеккен аймақ тұрғындардың кредиттерін 3 айға кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынады.

 

Smartbank мобильді қосымшасында өз үлесін қосқысы келетіндерге арналған онлайн-сервис орнатылған. Ақшаны үш қорға аударуға болады: “Biz birgemiz Qazaqstan” қоғамдық қоры, “Атырау” корпоративтік әлеуметтік даму қоры мен “Қамқор-Ақтөбе 2024” қоғамдық қоры.

 

Қайырымдылықты осы шоттардың біріне аудару үшін Smartbank қосымшасына кіріп, “Төлемдер” бөліміне, содан кейін “Қайырымдылық жарналарына” өтіп, осы қорлардың бірін таңдау керек.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.