logo
Қз

Еуразиялық банк 2021 жылғы 6-11 мамыр аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізеді

Құрметті клиенттер!

 

Сізге қызмет көрсету оңай әрі ыңғайлы болуы үшін Банк өз сервисін жетілдіруді жалғастыруда. Осы мақсатта 2021 жылғы 6-11 мамыр аралығында Еуразиялық банк жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізетін болады.

 

Бұл уақытта Smartbank қосымшасындағы операцияларға қол жеткізу шектеулі болады. Тек келесі операцияларды жасауға болады:

— қалдықтарды қарау және карточкалық шоттар бойынша үзінді көшірмелер алу;

— банк ішіндегі карточкалық шоттар арасында теңгемен ақша аудару;

— “Еуразиялық банк” АҚ карточкалық шотынан басқа банктің карточкалық шотына теңгемен аударым жасау;

— төлем карталарын бұғаттау / бұғаттан шығару;

— төлем карталары бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділікті ашу / жабу;

— “Еуразиялық банк” АҚ ішіндегі картаға депозиттен теңгемен ақша аудару.

 

Назар аударыңыз! Smartbank қосымшасы 2021 жылдың тек 6 мамыр 23:00-ден бастап 7 мамыр 05:00-ге дейін толықтай қолжетімді болмайды.

 

Маңызды!

 

Банктің филиалдары шектеулі режимде жұмыс істейтін болады.

 

Еуразиялық банктің төлем терминалдары мен АДМ айырулы болады.

 

“Касса 24” арқылы төлемдер қабылдау да қолжетімді болмайды.

 

Банкоматтар қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

 

Несие бойынша мерзімін өткізіп алмау үшін, сізден қажетті операцияларды алдын ала орындауды сұраймыз. 11 мамырдан бастап банк өз жұмысын қалыпты режимде жалғастырады.

 

Басталатын уақыты: 6 мамыр, 18:00

Аяқталатын уақыты: 11 мамыр, 08:00

 

Толық ақпаратты банк бөлімшелерінен немесе төмендегі мобильді нөмірлер бойынша алуға болады:

Beeline: +7 (771) 000-77-22

Tele/Altel: +7 (700) 000-77-22

Kcell/аctiv:  +7 (702) 000-77-22

 

Түсіністік танытқаныңыз және ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз.

Кредит мерзімін кешіктіріп алмау үшін, сізге 2021 жылғы 6 мамыр, сағат 18.00-ге дейін алдын ала тұрақты төлем жасауды ұсынамыз. Банктің автоматтандырылған жүйелерін жаңарту кезеңінде кредитті өтеу уақытша мүмкін болмайды.

Кредит немесе бөліп төлеу бойынша ай сайынғы төлемді төлеу күні 7-11 мамыр күндеріне тура келетін клиенттер төлемді 2021 жылғы 11 мамырда енгізсе, мерзімін кешіктіруге шықпайды. Сіз 11 мамыр күні сағат 08:00-ден бастап өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен төлем жасай аласыз. Егер сіздің төлеміңіз 6 мамырға тура келсе, онда кешкі сағат 18.00-ге дейін қажетті соманы төлеу керек. Мұндай жағдайларда клиенттің кредит тарихы бұзылмайды.

Бұл уақытта банк техникалық жұмыстар жүргізетін болады, осыған байланысты банк терминалдары мен “Касса 24” төлемдерді қабылдау функциясы қолжетімсіз болады. Сондықтан кредитті алдын ала төлеуді сұраймыз.

Smartbank қосымшасының көмегімен. Осы уақыт кезеңінде клиенттің карточкалық шоттары арасында, сондай-ақ басқа банктердің карточкаларына теңгемен аудару мүмкін болады. Шектеулер тек шетел валютасындағы аударымдарға қатысты.

Егер сізде “Turbo Deposit жинақтаушы” салымы болса және оның жабылу күні ағымдағы жылғы 7-10 мамыр аралығына тап келсе, өз жинақтарыңызды 2021 жылғы 11 мамырда банктің кез келген бөлімшесінен/филиалынан ала аласыз. Өзге жағдайда, шарттың талаптарына және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес салым автоматты түрде ұзартылатын болады және салымды жабу банкке жүгінген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң қолжетімді болады. Басқа Депозиттер болған жағдайда, егер сіз бұған дейін депозиттік шоттан картаға ішкі банктік аударым жасаған болсаңыз, онда банкомат арқылы ақша алуға болады.

Келесі қызметтер қолжетімді болады:

– қалдықтарды қарау және карточкалық шоттар бойынша үзінді-көшірмелер;

– банк ішіндегі карточкалық шоттар арасында теңгемен ақша аударымдар;

– “Еуразиялық банк” АҚ карточкалық шотынан басқа банктің карточкалық шотына теңгемен аударымдар;

– төлем карталарын оқшаулау / оқшаулауды алу;

– төлем карталары бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділікті ашу / жабу;

– “Еуразиялық банк” АҚ ішіндегі депозиттен картаға теңгемен ақша аударымдар.

2021 жылдың 6 мамыры күні сағат 18:00-ден бастап  10 мамырға дейін (осыны қоса алғанда) келесі операциялар қолжетімсіз болады:

– ағымдағы және жинақ шоттары бойынша ашу, жабу, толықтыру/алу, айырбастау;

– банкішілік, банкаралық және халықаралық аударымдар (ұлттық және шетел валютасында);

– айырбастау операциялары (сатып алу, сату);

– кассалық операциялар, оның ішінде ПОС-терминал және ЭКР-электрондық кассир-рециркулятор арқылы операциялар;

– үзінділер мен анықтамаларды қалыптастыру;

– қызмет жеткізушілердің пайдасына жасалатын төлемдер, бюджетке төленетін төлемдер, “Экспресс-касса” (2021 жылғы 6 мамыр күні сағат 16:00-ден бастап);

– кредиттер бойынша төлемдер;

– валютаны Smartbank-та айырбастау (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап 11 мамыр күні сағат 08.00-ге дейін)

Сіз банк бөлімшелеріне тек кеңес алу және кредит рәсімдеу үшін ғана жүгіне аласыз. Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 7-10 мамыр аралығында кассалық операциялар уақытша жүзеге асырылмайды. Әдеттегі режимдегі жұмыс және клиенттерге қызмет көрсету 11 мамырда толығымен қайта басталады. 7 мамырдан бастап 10 мамыр аралығында, мейрам күндері жұмыс істейтін бөлімшелердің тізімімен банктің ресми сайтындағы “Бөлімшелер” бөлімінде танысуға болады.

6-11 мамыр аралығында жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты анықтаманы алу мүмкін емес.

Банк жүргізетін техникалық жұмыстардың көрсетілген кезеңінде депозитті ашу функциясы уақытша қолжетімсіз болады. Мереке күндері ашық болатын бөлімшелер кеңес беру және кредит беру режимінде жұмыс істейді.

6 мамырда банк қалыпты режимде жұмыс істейтін болады. Экспресс-касса Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-де жабылады. Терминалдар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20.00-ден кейін қолжетімсіз болады.

Smartbank қосымшасының функцияларына қолжетімділік Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-ден бастап шектеледі.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.