Еуразиялықтар, 2019 жылғы 15 қазанда Еуразиялық банк дизайнерлер – сәулет және дизайнерлік бағыттағы студенттерге арналған байқау өткізді.
Талантты жастар Алматыдағы банк кеңсесінің бесінші қабатындағы кеңістігі үшін интерьер жобасын жасады.
Қатысушылардың жұмыстарын көру және келешекте офистің қандай болатынын білу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.
Банктің АТ-командасының көптеген қызметкерлері жұмыс жасайтын open space-ке (ағылшын тілінен — ашық түрдегі офис) жаңа көзқарас қажет болды, сол себепті Банк байқау өткізу туралы шешімге келді. Бүгіндері АТ-технологиялар – банктік істі қосқанда бизнестің көптеген салаларындағы өсу қозғаушысы болып табылады. Осы себепті бағдарламашылардың, әзірлеушілер мен басқа да АТ-мамандарының офисте өздерін жайлы сезінулері ерекше маңызды нәрсе. Жұмыс кеңістігі шабыттандыруы тиіс. Бұған қоса, банк жаңашылдыққа ашық және болашақ кәсіби дизайнерлердің құлшыныстарын қолдайды. Екінші орын мен үшінші орынның жүлде қоры “Меломанға” 45 000 және 30 000 теңгенің сертификатынан құралды, ал басты жүлде 585 000 теңге (1 500 USD) мөлшеріндегі ақшалай сыйақы болды. Сондай-ақ жеңімпаз командаға банк жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігін ұсынды.