logo
Қз

Құрметті Банктің жалақылық карта ұстаушылары!

Сіздерге 2015 жылғы 13 сәуірден бастап «Еуразиялық банк» АҚ-тың барлық жалақылық карталарында сатып алу құнының бір бөлігін қайтару –  кэшбэк функциясы әрекет ететіні туралы хабарлауға қуаныштымыз. Біздің Банктің картасын қолдану бұрынғыдан да қолайлы болатынына  сенеміз, өйткені бүкіл дүниежүзі бойынша тауарлар мен қызметтерге төлем жасалатын әрбір операция сомасынан шоттарыңызға сатып алу сомасының 0,5% қайтарылады.

Бұл ретте Movistar Yamaha MotoGP командасының мотошабандозы Хорхе Лоренцо мотожарыстардың кез келген кезеңінде жеңіске жеткен жағдайда сіздерге қосымша кэшбэк есептелетін болады:
1-орын – 0,5%
2-орын – 0,25%
3-орын – 0,15%
Еуразиялық банктің жалақылық картасымен күнделікті шығыстарыңызды кіріске айналдыратын  боласыздар!

 

Анықтама ақпараты

Еуразиялық банктің жалақылық картасы – бұл қолма-қол ақша алудың тиімді, жедел және қолжетімді құралы ғана емес, сондай-ақ өзіңнің қаржы ағындарыңды басқарудың бірегей тәсілі.
Жалақылық карта көмегімен ұйымның әрбір қызметкері өзінің ақшасын қауіпсіз және сенімді орында сақтай алады, әмиянын алдын ала толтыруды ойламай-ақ, кез келген уақытта қалағанын сатып ала алады. Соған қоса, ұйым қызметкері қалауы бойынша кредиттік лимит ресімдей алады.
Бұл карталардың бірқатар қайталанбас артықшылықтары бар:

  • Карта қолданылатын шот өз ақшаңды басқарудың қолайлы құралы.
  • Еуразиялық банк желісінде жалақылық жоба шеңберінде ақша қаражатын алу тегін жүргізіледі. Сіздер ақшамен (қолма-қол және қолма-қол ақшасыз) барлық операция түрлерін бүкіл Қазақстан аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де жүргізу мүмкіндігіне ие боласыздар.
  • Сіздер әлемнің көптеген елдерінде тауарлар мен қызметтер үшін Еуразиялық банктің картасымен төлем жасау мүмкіндігіне ие боласыздар. Бұл ретте ақшаны жоғалту тәуекелі айтарлықтай төмендейді, себебі картаны жоғалтқан немесе ұрлатқан жағдайды оны жедел түрде оқшаулауға болады, ал қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде ол мүмкін емес. Бүгінгі күні Еуразиялық банктің төлем карталарын төлемге қабылдайтын кең таралған банкоматтар мен ПОС-терминалдар желісі бар. Тауарлар мен қызметтерге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу сіздер үшін өте қолайлы, өйткені төлеген кезде ешқандай комиссия ұсталмайды.
  • SMARTBANK- интернет банкингке қолжетімділік.

 

Жалақылық жоба шеңберінде сіздер кез келген картаны аша аласыздар:

  • Visa Classic Unembossed /MasterCard Standard Unembossed (атаулы және атаусыз),
  • Visa Classic/ MasterCard Standard (атаулы),
  • VISA Gold /MasterCard Gold (атаулы),
  • Visa Platinum (атаулы),
  • Visa Infinite (атаулы).

Тарифтер

Visa Classic Unembossed/

MasterCard Standard  Unembossed

Visa Classic

Visa Gold/

MasterCard Gold

Visa Platinum

Visa Infinite

Картаға жыл бойы қызмет көрсету

– бірінші жылы

тегін

7 500 теңге

15000 теңге

15000 теңге

– екінші және кейінгі жылдары

500 теңге

1 000 теңге

7 500 теңге

15000 теңге

15000 теңге

Қолма-қол ақшаны банкоматтан немесе Банк желісінен алу

тегін

Қолма-қол ақшаны Халық банк желісіндегі банкоматтан алу

сомадан 1% (мин. 100 теңге)

Қолма-қол ақшаны басқа банктер желісіндегі банкоматтан алу

сомадан 1,5% (мин. 200 теңге)

Банк желісіндегі банкоматтан баланс сұрату

тегін

Карта/шот бойынша  SMS-хабарлама арқылы ақпарат беру

200 теңге (ай сайын)

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.