logo
Қз

2014 жылдың үш тоқсанында Еуразиялық банктің активтері үш есеге жуық өсті

Еуразиялық банк 2014 жылғы үш тоқсанның жұмысын қорытындылады. ҚР Ұлттық банкінің стандарттары бойынша есепке сәйкес 2014 жылғы 1 қазанға Банктің таза пайдасы 7,9 млрд теңгені құрады, ол 2013 жылғы үш тоқсандық кезең көрсеткішінен 6,8%-ға төмен.

2013 жылғы III тоқсанның соңынан басталған кезең үшін Банктің капиталы 19,9%-ға өсіп, 65,2 млрд теңгені құрады. Активтер 30,7%-ға өсіп, 726,7 млрд теңгеге жетті.
Банктің таза пайыздық маржасы (NIM) 2014 жылғы III тоқсанда 7,1%-ды құрады (2013 жылғы III тоқсанда – 7,9%). Меншік капиталдың тиімділігі (ROAE): 17,7% (2013 жылғы III тоқсанда – 22,4%). Активтердің тиімділігі (ROAA): 1,6% (2013 жылғы III тоқсанда – 2,2%).

2014 жылдың басынан депозиттік портфель 26,2%-ға өсті. Провизиялар қалыптастырылғанға дейін Банктің операциялық табысы былтырғы жылғы сондай кезеңдегі 37,9 млрд теңгемен салыстырғанда 13,1%-ға өсіп, 42,9 млрд теңгені құрады.

Несиелік портфель өсімі корпоративтік және ШОБ секторы кредиттер портфелінің 25,7% (273 млрд теңге) мен бөлшек кредиттер портфелінің 31,1% (295 млрд теңге) өсімін қосқанда 28,5% деңгейінде,  568,8 млрд теңге белгісіне дейін тіркелді. Жиынтық кредит портфеліндегі қамтамасыз етілмеген бөлшек кредиттер үлесі 2014 жылғы 1 қазанға 22,4%-ды құрады.

Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон жұмыс қорытындысын «2014 жыл жалпы алғанда оңай болмағанына қарамастан, мен ақпан айындағы теңгенің құнсыздануынан кейінгі екінші тоқсанның әлсіз көрсеткіштерімен салыстырғанда қалпына келген үшінші тоқсанның қорытындыларына ризамын. Жылдың қорытынды кезеңі өңірдегі құбылмалықты ескере отырып, оңайға соқпайды деп ойлаймын, дегенмен де Еуразиялық банк жеткілікті мөлшерде өтімділік қорына ие және барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, нарықтың орналасқан жерін басымдылыққа айналдыра келе икемді әрекет етуге мүмкіндігі бар, – деп бағалады.

Банктің несиелік портфелінде 2014 жылдың өткен кезеңі үшін 90 күннен бастап (NPL) мерзімі өткен қарыздар үлесі 8,9%-дан 9,0%-ға шамалы ұлғайды, ол елдегі проблемалық қарыздардың барынша төмен көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

«Соңғы 5 жылда портфельді тазалау бойынша жасалған үлкен жұмыс пен үздік тәуекел-менеджмент жүйесінің арқасында біз портфель сапасына сенімдіміз. Біздің болжам бойынша NPL көрсеткіш 2014 жылдың соңына 10%-дан кем көрсеткішті құрайды, – дейді Майкл Эгглтон.

Бүгінгі таңда Еуразиялық банк желісі бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейтін 20 филиал мен 146  3503 ЕКБ қоса, 3503 сату орнынан тұрады. Банктің техникалық платформасын 1338 POS-терминал, 444 банкомат және 310 ақпараттық төлем терминалы құрайды.

Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 146 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.