logo
Қз

Абай болыңыздар: алаяқтар!

24.02.2014Алматы қ. Нарықта жақында орын алған қауесет сөздер мен арандатушылыққа қатысты Еуразиялық банктің басшылығы қызметкерлері мен клиенттеріне аса сақ болуды естеріне салады, себебі нарықтағы ахуалға ұқсас жағдайларды алаяқтар көбінде қылмыстық мақсатта пайдаланады.

Банк филиалдар мен бөлімшелердің күзеті мен электрондық жүйелердің қауіпсіздігін қатаң бақылауға алып, дереу қауіпсіздік жүйелерін нығайтты.

Өткен аптада Банктің қауіпсіздік қызметі клиенттердің шоттары бойынша бірқатар стандарттан тыс операцияларды анықтады. Бір жағдайда алаяқтар шот бойынша операция жүргізу үшін жасанды құжаттарды пайдаланған. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында клиенттердің мүддесіне залал келтірілген жоқ.

Банк басшылығы клиенттердің мүддесін қорғау үшін жан-жақты әрекеттерді іске асыруда, сонымен қатар дербес және банктік деректерді жоғары деңгейде қорғау қажеттілігі туралы хабардар етеді.

 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.