logo
Қз

Ақпан айындағы бизнес көрсеткіштері мен қаржы индикаторлары

3 наурыз 2014 ж., Алматы. 11 ақпанда 19 пайыздық құнсыздану жарияланғаннан кейін Еуразиялық банк қызметі туралы барынша толық көлемде уақтылы ақпарат беру мақсатында 2014 ж. ақпан  айының соңындағы жағдай бойынша келесі көрсеткіштер туралы хабарлайды:

  • Ай ішінде Банк өтімділік бойынша қиыншылықтарға тап болған жоқ, сондықтан үкіметтен қарыз қаражат сұрау қажеттілігі де болмады.
  • Өтімді активтердің жалпы көлем мөлшеріне арасалмағы ақпан айының соңында 21,9%-ды құрады, көрсеткіштің ең жоғары мәні 21 ақпанда 23.4% деңгейінде тіркелді. Нарықты тұрақтандыру сәтіне дейін Банк басшылығы одан жоғары өтімділік деңгейін ұстап тұруға ниетті. Әдеттегі жағдайда өтімділіктің мақсатты көрсеткіші 15%-ды құрайды.
  •  Депозиттер мен ағымдағы шоттар бойынша қалдықтар ақпан айы ішінде 51.5 млрд теңгеге немесе 13.3%-ға өсті. Аталған соманың 23.8 млрд теңгесі шоттарды долларда және еурода қайта бағалау нәтижесіндегі өсімді құрайды.
  •  Ақпан айы ішінде 8,386 жаңа клиент Еуразиялық банкте депозиттік және есептік шоттарды ашты, олардың 6,012 – құнсызданудан кейін. Бөлшек клиенттер базасының өсім қарқыны 2014 ж. ақпанда 2014 ж. қаңтарымен салыстырғанда 39%-ды құрады. 
  • Айдың ешқандай күнінде клиенттердің стандарттан тыс операциялары немесе көлемдер тіркелген жоқ.
  • 2014 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің бөлшек клиенттерінің депозиттік және ағымдағы шоттарында теңгедегі қаражаттың үлес салмағы 59%-ды құраған. 2014 ж. 28 ақпандағы жағдай бойынша көрсеткіш 48%-ға дейін төмендеді.
  • Ақпан айы ішінде Еуразиялық банк қаржыландырған жаңа бөлшек кредиттер сомасы 27 ипотекалық және 2,437 автокредитті қоса,  13.9 млрд теңгені құрады. 2014 ж. ақпанда қаржыландыру көлемі 2013 ж. ақпанмен салыстырғанда 8.5%-ға төмендеді. Наурыз айына әзірше нақты болжамдар жоқ, бірақ, кредит беру көлемдері қысқартылуы ықтимал.
  • Кредиттер бойынша өткізілген немесе мерзімі кешіктірілген өтемдер өсімі тіркелген жоқ.
  • Ақпан айының соңында Еуразиялық банктің клиенттер базасы 2009 ж. соңынан 5,4 есе артып, бірінші рет 900,000 көрсеткішінен асты.

Ақпан қазақстандық банктік сектор үшін күрделі және құбылмалы ай болды. Еуразиялық банк осы аталған кезең ішінде өзінің жүйелік маңыздылығын көрсетті. Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон былай деді: «Біздің Банк құнсыздану жағдайына әзірленген жоспарды іске қосу арқылы дереу шара қабылдады. Елдегі көптеген азаматтар үшін бұл оқиға күрделі сипат алды, дегенмен уақыт өте келе көрсеткіштер тұрақтанады және біздің әрекеттеріміз негізінде   клиенттердің біздің Банкке деген сенімі арта түспек. Бұрынғыдай, біз жұмысымызда клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді, жаңа және әрекеттегі клиенттермен қарым-қатынастарды нығайтуды басты назарымызға аламыз».

 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.