logo
Қз

Еуразиялық банктің активтері 2 триллион теңгеден асты

Алматы, 8 қыркүйек 2022 жыл

 

Еуразиялық банк өз клиенттеріне тұрақты даму, кредит беру және клиенттерімізге басқа да қаржылық қызметтер көрсетуді қарқындату нәтижесінде банк активтері 2 триллион теңгеден асқанын хабарлайды. Активтердің мөлшері жөнінен банк Қазақстан ірі банктерінің рейтингісінде 7-ші орынға көтерілді.

 

“Біз банктің теңгерімді және тұрақты дамуына бағытталған стратегияны іске асыруды жалғастырудамыз. Тәуекел мен кірістілік параметрлері қолайлы деңгейде сақталған жағдайда активтердің өсуіне қол жеткізіледі”, — деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов.

 

Жыл басынан бері банк активтері шамамен 44%-ға немесе 662 млрд теңгеге өсті. Бұл көрсеткішке заңды тұлғаларға кредит беру қарқынын жыл басынан бері 80 млрд теңгеге немесе 38%-ға арттыру, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттердің 203 млрд теңгеге немесе 44%-ға өсуі есебінен қол жеткізілді.

 

Заңды тұлғалардың қаражаттары 38% немесе 247 млрд теңгеге, жеке тұлғалардың қаражаттары 33% немесе 161 млрд теңгеге өсті.

 

2022 жылдың 8 айында банктің таза пайдасы 54,5 млрд теңгені құрады. Бұған таза пайыздық кірістің 52%-ға, таза пайыздық емес кірістің екі есеге ұлғаюы есебінен, сондай-ақ 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда провизияларға бөлінетін ассигнацияларды 22%-ға қысқарту арқылы қол жеткізілді.

 

“Еуразиялық банк” АҚ — 28 жылдық даму тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Бөлшек банкинг нарығында жетекші орында тұрған банк корпоративтік клиенттері мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банктің Moody’s шкаласы бойынша В2 рейтингі 2022 жылғы 12 сәуірде “тұрақты” деген бағамен расталды. Банк ERG тобының (минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады.

 

 

 

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.