Пресс-релиз, Алматы қ., 10 қаңтар 2019 жыл
“Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ жойылатын “Астана Банкі” АҚ-та орналасқан жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттері, ағымдағы және карталық шоттары бойынша кепілдендірілген өтеуді төлеу бойынша агент ретінде “Еуразиялық банк” АҚ-ты (бұдан әрі – Банк) таңдады.
Еуразиялық банк активтері мен меншікті капиталының мөлшері бойынша қазақстандық үздік 10 ЕДБ-ға кіреді, бөлшек кредит беру нарығында ең ірі ойыншы: 2018 жылдың 1-ші желтоқсанда бөлшек кредит қоржынының мөлшері бойынша 4-ші. 2018 жылдың қарашасында Standard&Poor’s Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін “В/В” деңгейінде деп растады. Банктің филиалдары мемлекетіміздің барлық аймақтарында орналасқан, қазіргі таңда желімізде Қазақстан бойынша 126 филиалымыз және бөлімшеміз бар.
“Біз “Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ-қа білдірген сеніміне және “Еуразиялық банк” АҚ-тың ҚДКҚ агенттеріне қойылатын тұрақты қаржылық жағдайы, пруденциалды нормативтердің бұзылуының жоқтығы, еліміздің барлық жерінде бөлшек клиенттерге қызмет көрсету үшін дамыған филиалдық желінің бар болуы сияқты талаптарына сәйкес екенін растағанына алғысымызды айтамыз. Біз өзіміздің тараптан клиенттерге ыңғайлы болу үшін барымызды салуды, қаражаттарды қайтарудың бірнеше нұсқаларын ұсынуды міндетімізге аламыз”, – деп айтып өтті “Еуразиялық банк” АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.
Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер “Астана Банкі” АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карталық шоттарда орналасқан ақша бойынша өтеуді алуға құқықтары бар. Өтеу шоттардың қалдықтарының сомасы шеңберінде, бірақ ең жоғарғы кепілдендірілген сомадан артық емес мөлшерде төленетін болады:
- 10 миллион теңге — ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
- 5 миллион теңге — шетел валютасындағы депозиттер бойынша.
Бір салымшының “Астана Банкі” АҚ-та теңгеде және шетел валютасында қатар орналасқан депозиттері бойынша 15 миллионға дейін жиынтықты өтеу төленеді. Бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңгенің баламасынан артық емес.
“Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ арнайы қордың қаражаттары есебінен “Астана Банкі” АҚ салымшыларына өтеуді төлеу үшін Еуразиялық банкті ақшалай қаражаттармен толық көлемде қамтамасыз етеді.
Өтеудің мөлшері максималды кепілдендірілген өтеудің сомасы мен салымшының несие борышына қарай “Астана Банкі” АҚ-тың тарату комиссиясымен белгіленетініне және “Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ-пен келісілетініне назарыңызды аударамыз.
“Астана Банкі” АҚ-тың салымшыларынан өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 26-шы қаңтардан басталады және 2019 жылғы 26 шілдеге дейін өз жалғасын табады. Осы күнге дейін Еуразиялық банкте өтініштерді қабылдауға және кепілдендірілген өтеуді төлеуге құқығы жоқ.
Өтеуді төлеу талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат банкпен өтеулерді төлеудің басталуына қарай, кейінірек жарияланатын болады.
Банк туралы
Еуразиялық банк — 24 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы әлеуметті маңызды коммерциялық банк. Қаржы институт бөлшек банкинг нарығында озық позицияларға ие, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне сан түрлі қызметтерді көрсетеді. Банк автокредит беруді, POS-кредит беруді, төлем карталары, мобильді банкингті және жалақы жобаларын белсенді дамытуда.
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453
press@eubank.kz
eubank.kz