logo
Қз

Asian Banking & Finance Еуразиялық Банк 2012 жылғы Қазақстандағы Үздік Бөлшек банк деп атады

2012 жылғы 23 тамызда Орталық Азиядағы жетекші қаржы басылымдарының бірі Asian Banking & Finance 150 ірі қаржы институттары арасында жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып Еуразиялық банкке «2012 жылғы Қазақстандағы Үздік Бөлшек банк» (Domestic Retail Bank of the Year – Kazakhstan) атағын берді.

Еуразиялық банктің Қазақстанның бөлшек өнімдер нарығында өзін жаңа байсалды ойыншы ретінде небәрі екі жыл бұрын ғана мәлімдегеніне қарамастан, «Үздік бөлшек банк» атағы өнімдердің жоғары сапасы мен жалпы бөлшек жобалардың жетістігін растайды. Банктің осы бағыттағы қарқынды дамуы 2011 жылдың басында француздық Societe Generale ПростоКредит бизнесін сатып алудың арқасында мүмкін болды. Қазіргі күні бір-екі ай ішінде берілетін Банктің бөлшек кредиттерінің саны сатып алудың алдындағы Банктің бүкіл тарихындағы бөлшек кредиттердің жалпы санынан асады!

Бірнеше жылдардан бері Asian Banking & Finance қаржы журналы бөлшек сектордағы банктік және қаржы ұйымдардың үздіктерін таңдап келеді. Басылым сарапшыларының пікірінше, Еуразиялық банк – бөлшек бизнестің керемет көрсеткіштері мен дамуының жоғары өрлеу қарқынын көрсетіп, серпінді түрде өркендеп келе жатқан қазақстанның банктік институты. Бағалаудың негізіне рейтингке қатысушылардың базалық қаржы индикаторлары ғана емес, сонымен қатар Asian Banking & Finance тұрғысынан Банктің жалпы стратегиясы, бөлшек қызмет көрсету саласындағы инновациялар мен олардың тиімділігі, бөлшек өнімдердің қазіргі талаптардағы серпінділігі секілді факторлар да алынды.

«Asian Banking & Finance алынған марапат Банк жүзеге асыратын жобалардың бөлшек бизнес бағытының маңыздылығы мен тиімділігін растайды. Банктің бөлшек бизнесін дамыту – біздің басымды бағыттарымыздың бірі, бұр ретте табыстылық/ жетістік өнімдердің сапасы мен алуан түрлілігіне ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудегі жеделділік пен қолайлылыққа да тәуелді екенін біз жақсы түсінеміз. Дәл осы себепті, Банк замануи бөлімшелер мен техникалық платформалар желісін дамытуға айтарлықтай қаржы жұмсауда. Бүкіл Қазақстан бойынша бөлшек қызмет көрсетудің ондаған орталықтарынан бөлек, жуыр маңда Еуразиялық банктің клиенттеріне заманауи және қауіпсіз Интернет пен мобильді банкинг, төлем терминалдары мен басқа да бірқатар техникалық ииновациялар ұсынылады, бұл клиенттердің біздің Банкпен қарым-қатынастарының шындап жайлы болуы үшін қажет», — деді Банктің Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон.

2010 – 2015 ж. кезеңге Еуразиялық банк басшылығының қазіргі командасы әзірлеген Банк стратегиясы банк бизнесін бұдан әрі қарай әртараптандыруды және бөлшек бағытты дамытуды қарастырады. Құрылымдық тиімді өзгерістер мен бірқатар жобаларды сәтті жүзеге асыру нәтижесінде Банктің 2010 жылдан бастап 2012 жылғы 1 тамыз аралығындағы жиынтықты таза табысы 11.4 млрд. құрады, бұл Банк құрылғаннан бастап 2009 ж. соңына дейінгі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда (2.7 млрд теңге) көрсеткіштердің теңдессіз өрлеу қарқынын көрсетеді. 1994 – 2010 кезең үшін капитал табыстылығының орташа жылдық көрсеткіші (ROE) 14,4% құрады.

Алынған марапат – Еуразиялық банктің серпінді бизнес-жоспарымен бірге керемет қаржы көрсеткішінің көрінісі болып табылады. Ағымдағы жылдың жеті айындағы Банк активтері 432,9 млрд теңгені құрады. Несие портфельінің көлемі 345,7 млрд теңге деңгейіне дейін ұлғайды. Ағымдағы жылдың жеті айындағы таза пайда 4,3 млрд теңгені, ал капиталдың табыстылығы (ROE) – 20,7% құрады.

«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.