Пресс-релиз, 2023 жылдың 8-қыргүйегі
Еуразиялық банктің автонесиесі Қазақстанда тағы да үздік деп танылды, бұл жолы International Business Magazine Халықаралық бизнес-басылымы сарапшыларының пікірі бойынша. Сонымен қатар, басылым банкті басқа номинацияда да атап өтті, банктің Клиенттер үшін әзірлеген несиені мақұлдаудың рекордтық қысқа процесі үшін — «2023 жылдың ең жылдам тауарлық несиесі» марапатына ие болды.
Кезекті халықаралық наградалар — Еуразиялық банктің инновацияларға деген ұмтылысын көрсетеді, сондай-ақ клиенттерге және олардың қажеттіліктеріне ерекше назар аударылатынын растайды.
Еуразиялық банктің басқарма төрайымы — Ляззат Сатиева әрбір танудың артында команданың тиімді жұмысы, қаржылық шешімдерді үздіксіз жақсарту және қазақстандық клиенттерді қолдау тұрғанын атап өтті.
Еуразиялық банк — Қазақстанның әлеуметтік маңызы бар қаржы институты, 2023 жылғы 8- қыргүйектегі деректер бойынша қазақстандық банктер арасында активтерінің көлемі бойынша алтыншы орынға ие. Автонесиелеудегі абсолютті көшбасшы, тауарлық несиелеудегі үздік 3 банктің қатарына кіреді, бөлшек саудада жетекші орын алады, корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлерге қызметтердің кең спектрін ұсынады. Moody’s — B1 шкаласы бойынша Банк рейтингінің болжамы 2023 жылдың 15-маусымында «оң» бағамен расталды. Банк ERG (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) тобының экожүйесіне жатады.
International Business Magazine — БАӘ-де орналасқан және қаржы мен инновация әлемінен өзекті жаңалықтарды ұсынуға маманданған онлайн-басылым. Басылымның оқырмандары — инвесторлар, жетекші халықаралық компаниялардың топ-менеджерлері, саяси топтардың өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер.