logo
Қз

Банктер киберқылмыскерлерге қарсы бірігуде

20.05.2014, Алматы. Алматыда Қазақстанның және ТМД елдерінің ақпараттық қауіпсіздігі аумағындағы қызметтерге маманданған ірі қазақстандық банктер мен компаниялардың ақпараттық қауіпсіздік бойынша  директорларының кездесуі болып өтті. Шараның ұйымдастырушысы – Еуразиялық банк.

 

Кездесудің басты мақсаты –  Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік аумағында кәсіби мамандардың ассоциациясын  құру. Бұдан басқа, болашақта ақпараттық қауіпсіздік бойынша директорлар клубының базасында кибер-алаяқтықпен күрес жөнінде жабық орталықтандырылған жүйе құрылуы мүмкін. Кездесу жабық форматта өтті. Ұсынылған тақырыптардың ішінде киберқатерлермен  күрес практикасы, күмәнді дабылдарды айқындау, киберқауіпсіздіктің қазіргі заманғы аспектілері және практикалық кейстерді талдаудың ірі ұйымдарына мақсаттық шабуылдар болды.

 

«Біз  клиентті, оның операцияларын, оқшаулау және операциялардың жиілігін жүргізуді талдайтын «антифрод» жүйесін (ағылш. «fraud» — алаяқтық) енгіземіз. Операция ауытқыған жағдайда қосымша тексерілуі тиіс. Төлем осы клиентпен верификациялауға дейін жүргізілмейді. Банктердің алаяқтық қатерлері көбінесе бір-біріне ұқсас, тиімділікті жоғарылату үшін бірігу идеясы да бар, үздік «антифрод-шешімді» таңдау және жағдайды бірге бақылау. Бірыңғай жүйе тиімдірек болады, өйткені көбірек статистика беріледі және тиісінше, талдаманың сапасын жақсартады», – дейді Еуразиялық банктің Атқарушы директоры, ақпараттық қауіпсіздік бағытына жетекшілік етуші  Виктор Евдокимов.

 

Виктор Евдокимовтың сөздері бойынша,  Қазақстанға жоғары технология аумағындағы алаяқтық тек енді келіп жатыр: «Бұл уақыттың мәселесі, бір жылдан бастап үш жылға дейін. Біз үшін бұл жақсы, дайындалатын уақыт бар».

 

Жиналған сарапшылардың пікірлері бойынша,  банктік жүйеге кибершабуылдардың алдын алу үшін  банк клиенттерінің сауаттылығын жоғарылатудың маңызы үлкен. Хакерлер қазір көбінесе жақсы қорғалған қаржылық институттарды емес, жеке аккаунттарға шабуыл жасайды. Әлеуметтік желілер мен ұялы байланыс қондырғыларының танымалдығының өсуі жеке осалдылықты жоғарылатады. Көптеген пайдаланушылар жеке ақпараттарын қайда және қалай сақтау туралы ойланбайды және жеке деректерін өздері хабарлайды, сөйтіп алаяқтықтың құрбаны болады.

 

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша  директорлар клубының мүшелерінің кездесуі тұрақты түрде өтетін болады. Оларға қатысу үшін www.cisoclub.kz сайтындағы ақпаратты қадағалап отырыңыз.

 

Анықтама:  
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.