logo
Қз

Бәрі есімде, мен мақтан етемін!

Жылдан жылға Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері алыстай түсуде. Фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, соғыс ашқылы жетпіс жылдай уақыт өтті. Содан бері әлемде талай-талай өзгерістер болды. Бірақ, жауынгерлердің сол соғыстағы ерліктерін және фашистік басқыншыларды ойсырата жеңген 9 Мамыр жеңіс күнін ұрпақтары ешқашан ұмытпақ емес. Соғыс тарихына Отанын қорғаған миллиондаған адамның орасан ерлігі мен шексіз еңбегі алтын әріптермен жазылды. Сол бір сұрапыл да ерен ерлік жылдары алыстаған сайын Отанын қорғаған батыр аталарымыздың ерліктері асқақтай түспек!

Жеңіс күніне 66 жыл… Нақты күндер мен қол қойылған құжаттар туралы деректерді тарихшылардың еншісіне қалдырайық. Артық дабырасыз ардагерлердің жанарына үңілейік. Осы өмірде немереле-шөберелеріне даналықтың даңғыл жолдарын сілтеп отырған қарттарға саулық берсін, Отан үшін жан қиған жауангерлер мәңгі есімізде сақталады… Соғыста да, тылда да ерен ерлік көрсеткендерге мәңгі құрмет. Құрметтейміз, үнсіз басымызды иеміз. Көз жанарынан сырғып түскен жас – алғыс жасы. Олар енді ешқашан көз жасын көрмесін! Болашақ – жарқын!..

Маудат Хамитович Абдулкаримов 1925 жылғы 5 тамызда туған. 10-сыныпты соғыс кезінде бітірді. 1943 жылғы қаңтарда әскер қатарына шақырылды. 1943 жылдың соңынан Кенигсберг қаласын азат ету ұрыстарына қатысты (байланысшы болды). 1945 жылы әскери наградалармен – Кенигсбергді алғаны үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ерлігі үшін» медельдарімен үйіне оралды. Соғыстан кейін 1947 жылдан бастап училищеде алдымен саяси пән оқытушысы, содан соң Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылында мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1958 жылы туберкулез ауруынан қайтыс болды, Семей қаласында жерленген.

Талғат Якубекович Бегельдинов (05.08.1922ж.т.) — ұшқыш-штурмовик, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры (1944, 1945), полковник (1975). Ұлы Отан соғысының ардагері, 1943 жылғы қаңтардан 144 гв. ШАП командирі болды. 305 рет әскери шабуылға шығып, жаудың 4 ұшағын атып түсірді. Соғысты Прага қаласында аяқтады. Соғыстан кейін 1956 жылға дейін ӘӘК-де командирлік лауазымдарды атқарды. Отаны Фрунзе қ. (Пишпек) қола мүсіні орнатылған. Отставкадағы полковник Бегельдинов Ленин орденімен, 2 Қызыл Ту орденімен, Александр Невский орденімен, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, 3-дәрежелі Даңқ орденімен, медальдармен марапатталған. Қазіргі уақытта өзінің атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының президенті. Қор ҰҰС мүгедектеріне және жетім балаларға көмек көрсетеді.

Ғаббас Жұмабаев 1924 жылғы 5 мамырда Қостанай облысы Боровое ауданы Ақсуат ауылында туған. 1942 жылдан 1945 жылғы мамырға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан, минометчик болды. 1946 жылдың басында әскерден қайтарылды. Жұмабаев танымал ақын, публицист болды. Очерк, сатира, аударма салаларында көп жұмыс істеді. Жұмабаев Л.Н.Толстойдың «Крейсер сонатасы», «Балдан кейін» шығармаларын, М.Шолоховтың «Көтерілген тың» шығармасын, Г.Х.Андерсеннің әңгімелер кітабын, сондай-ақ Азия және Африка халықтарының көптеген өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Қостанай қаласындағы көшеге Ғ..Жұмабаев аты берілген және Қостанай облысындағы Боровое орта мектебі Ғ.Жұмабаевтың құрметіне аталған.

  1. Стих Жумабаева Габбаса «Автобиография»

(Қысқартылып алынған)

Мой дядя был на озере Хасан,
Как любовался я его медалью!..
Потом война настала и я сам
Пошел на фронт.
И там, за дальней далью
Пронес в своем заплечном вещмешке
Солдатский груз и всей эпохи бремя.

Я был с народом в то лихое время,
Я видел все –
Победный наш салют,
И видел счастье в дружеских объятьях,
И видел, как солдатки слезы льют,
И плакал о своих погибших братьях.

Меня учили не отец родной,
не старший брат, который был батыром, –
Я многому научен был войной
И старшиной, Солдатским командиром.

От трудностей мы не бежали вспять,
На собственной спине я выносил их
Я не скажу, что мог бы больше взять,
А больше дать я просто был не в силах.

Какой ты ждешь от жизни урожай
Лишь то, что сам посеешь. И не боле.
А хочешь подражать – так подражай,
Но тем, кто носит на руках мозоли.

И я в быту всегда как на войне,
Эпоха наша сложная такая,
Я не умру, поскольку и во мне
Бессмертная молекула людская.

В твоих делах незримо буду я,
Как космонавт, как песня
Ввысь стремиться.
И, значит, биография моя
Твоею биографией продлится.

Халил Гатаулович Измаилов (1915 – 2004 жж.) – Ұлы Отан соғысына қатысушы және ардагері. Кавказды қорғауға белсенді қатысушы. 12-гвардиялық Дон кавалерия дивизиясы 43- кавалерия полкінің взвод командирі, Оңтүстік, Солтүстік Кавказ, Оңтүстік-Батыс және 4-Украин майдандарында соғысқан. 1947 жылы әскерден қайтарылды. Жауынгерлік ерлігі үшін және сіңірген еңбегі үшін Х.Г.Измаилов Ленин, Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, 14 медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Бүкіл саналы және еңбек өмірін отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арнады, сол еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген зоотехнигі» атағын иеленген.

Сибугатулла Рысқалиевич ҚАРЫНБАЕВ (01.03.1910 – 25.08.1990 жж.) – көрнекті мемлекеттік қайраткер, денсаулық сақтау саласының ірі ұйымдастырушысы, КПСС мүшесі, профессор, ҚазКСР еңбегі сіңген дәрігер, дербес зейнеткер. 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысушы, соғысты медициналық –санитарлық батальон командирі лауазымында аяқтады. Сталинград, Ленинград, Прага, Берлин және басқа да қалаларды азат етуге қатысты. Отан алдындағы еңбегі үшін Ленин, Қызыл Жұлдыз, I және II дәрежелі ҰОС ордендерімен, «Құрмет белгісі» орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен (екі мәрте), Халықтар достығы орденімен және ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің көптеген жауынгерлік медальдарымен және грамоталарымен марапатталған.

Мұрымбай Нұрамбеков (19.12.1917 – 08.02.2001) 1942 жылғы қарашадан 1945 жылғы тамызға дейін Калинин және Екінші Балтық майдандарында соғысты. Майданда әр жылдарда кіші және аға дәрігер қызметін атқарды. Екі орден және 20-дан аса медальдің иегері. «…Шабуыл операциясы үш күнге созылды. Ауыр шайқастар жүріп жатты. Полктің жеке құрамынан тек бір батальон қалды. Біздің санитарлық ротамызға 400-ден аса жаралы түсті. Санитарлық ротаның жеке құрамы барлық келіп түскендерге үш тәулік үзіліссіз, демалыссыз медициналық көмек көрсетті. Патриоттық борыш пен бастама бірінші орында тұрды. Ұрыстардан кейін қысқа уақытқа демалысқа мүмкіншілік туды. Жауынгерлер шаршап қалжырағандықтан ес-түссіз ұйқыға құлап жатты. Осындай ерліктері үшін жеке құрамның көпшілігі ордендермен және медальдармен марапатталды. Мен «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталдым» (1944 жылғы 5 қыркүйекте алынды)».

Қужахмет Тулеубаевич Тулеубаев1923 ж. Ақтөбе облысы Уил ауылында туған. 1942 жылы майданға аттанған. Аға сержант шенінде әскери қызмет атқарған. Барлаушы-қадағалаушы, зымыран әскері және артиллерия радиотелеграфисі, бөлімше командирі. 1942 жылдан 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Қызыл Жұлдыз» орденімен,    «I әрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған. «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарының және көптеген мерекелік медальдардың иегері. Қазақ КСР Жоғарғы Президиум Қаулысымен 1972 жылы «Еңбегі сіңген қаржыгер» құрметті атағы берілді.

Еуразиялық банк жыл сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету дәстүрін жалғастыра келе, 2011 жылы Алматы қаласындағы және 17 филиалдағы соғыс ардагерлері ұйымдарына ірі ақшалай сома сыйлады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.