Алматы, 2012 ж. 25 сәуір – Еуразиялық Банк меншікті бөлшек желілерін кеңейту аясында қазақстандық нарықта теңдесі жоқ Бөлшек қызмет көрсету орталығының (БҚО) жаңа моделін ұсынды.
Қазақстанда 2012 жылдың аяғына дейін, Алматы қаласындағы бесеуін қосқанда, жаңа үлгідегі 73 Бӛлшек қызмет көрсету орталықтары ашылатын болады. Еуразиялық Банктің аймақтық экспансия бағдарламасы меншікті бөлшек желілерін 2013 жылдың аяғына дейін 3000 орыннан асатындай етіп (20 филиал толық қызмет спектрімен, 120-дан астам Бөлшек қызмет көрсету орталықтары және 2500 қызмет көрсету орындары) кеңейтуді қарастыруда.
Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон атап көрсетті: «Банктің қаржы секторлары үшін офистер жобалауға маманданған танымал дизайнерлік компаниялармен бірлесіп қызмет істеу нәтижесінде, бізге, Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынаста жаңа айналымға бастау беретін банктік қызметтердің жоғары технологиялық орталықтарын көрсетуге жаңа мүмкіндіктер туды. Банктің клиенттерге қызмет көрсету саласында алдыңғы қатарда екендігін мақтанышпен айтқым келеді. Банк клиенттердің талабына байланысты өзінің қатысу саласын кеңейтеді, сондықтан клиенттермен қатар, Банк қызметкерлеріне де арналған ұтымды шешім шығаруда жұмыс істеуді одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз».
Еуразиялық өзінің бӛлшек желілерін кеңейту есебінен қазақстандық нарықта айтарлықтай үлес алуға мақсат қойып отыр. Осылайша Банктің жоспары – бөлшек кредит беру нарығындағы үлесті бизнес кӛлемін екі есе арттырып, 15% -ға дейін ұлғайту.
Еуразиялық Банктің Бөлшек қызмет кӛрсету орталығы – бұл клиент үшін 30 ш. метрден 100 ш.м. дейін ықшам аумақта банктік қызмет көрсетудің ең жоғарғы мүмкін жинақталымы. Бұл жерде кез келген уақытта карта шотын толықтыруға, тӛлемдер жүргізуге, терминалдар мен банкоматтар зонасы тәулік бойы ашық тұратындықтан кредит өтеуге болады. Офистердің оңтайлы құрылымы, қажет болған жағдайда БҚО барынша ыңғайлы орынға ауыстыру үшін жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді.
Заманауи банктің стандартты жиынтығы – төлем терминалдары мен банкоматтардан басқа, Еуразиялық банк Еуропада және ТМД елдерінің біразында кеңінен қолданылып жүрген, бірақ қазақстандық нарықта бүгінге дейін беймәлім электрондық кассалық рециркуляторларды (ЭКР) пайдалануды іске қосайын деп отыр. ЭКР кассаға кезекке тұруды өткеннің қалдығына айналдыра отырып, үйреншікті банктік рәсімдердің бірқатарын автоматтандыруға және жылдамдатуға мүмкіндік береді, «электрондық кассир» банкноттарды қабылдап және сұрыптап қана қоймай, сонымен қатар купюраларды кассир-оператордың командасымен кері қайтарып береді. Ақша толтырып салу кезінде «ақылды» машина банкноттардың түпнұсқалығын тексереді.
Байқап көргеніміздей, көбінесе клиенттер банкке келген кезде абыржып қалады: неден бастасам екен? қай қызметкерге барсам болады? банкомат немесе терминал арқылы қалай төлем жүргізсем? Еуразиялық Банктің қызметкерлері гид рөлін алып, клиентті қаржылық мақсаттағы пунктке тез және сенімді «жеткізеді».
«Біз, Бөлшек қызмет көрсетудің жаңа орталықтарының жаңа тұжырымдамаларын енгізе отырып, клиенттерге қызмет көрсетуші персоналды бір мезгілде ГИДТЕР рөліне, яғни, оп-оңай және ең қысқа жолмен қажет жерге жеткізетін жолсеріктерге қайта бағыттаймыз. Шындығында да, банкте жұмыс істейтін гидтер – теңдесі жоқ нәрсе, бірақ жобаны еліктіретін нәрсенің өзі де осы. Біз, ГИД қалай әрекет етіп, қалай пайымдаса, солай әрекет етіп, ойлайтындай, клиенттерге қамқор болудың және қызмет көрсетудің ең жоғарғы деңгейін көрсетпекшіміз. Еуразиялық Банктің әрбір клиенті қажетті көмегін алады, осыдан Банктің әрбір қызметкерінің рөлі мен жауапкершілігі көрінетін болады. Мен осындай бастамаға қатысып отырғаныма қуаныштымын және біздің команда осы бір тартымды міндетті лайықты атқарады деп кәміл сенемін», — дейді Майкл Эгглтон.
Бөлшек қызмет көрсету орталығындағы ішкі навигация іштей түсінікті, өйткені оның дизайнымен осы саладағы лидерлердің бірі- танымал ағылшын компаниясы айналысты. Дизайнерлер шағын ғана ауданда тәулік бойы қызмет көрсету зонасын, ресепшен, банк жабдықтарын және құпия келіссөздер жүргізетін бөлмені орналастырып қана қоймай, жұмсақ пуфтар қойылған, балалар зонасымен және ақпарат экранымен жайлы демалыс орындарын да ойдағыдай сиыстырды. Сенімді гидпен саяхат жасау жеңіл және қызықты. Тиімді қаржы шешімдеріне Еуразиялық банк жылдам және сенімді бағытпен жеткізеді!
Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – негізгі қаржы көрсеткіштері бойынша тұрақты динамика танытушы нарықтағы көшбасшылардың бірі.
Еуразиялық – Қазақстандағы қаржы дағдарыс жағдайында да рейтингі түспеген аздаған банкілердің бірі. 2011 ж. желтоқсанда Еуропа елдеріндегі егеменді рейтингілердің төмендеу тұсында S&P рейтингілік агенттігі Банктің ұзақ мерзімді рейтингін B -дан B+ ға кӛтерді.
Банктің 2011 ж. шоғырландырылған аудиттелген есеп беру мәліметтеріне сәйкес активтердің, несие қоржынының және Банк капиталының өсуі, тиісінше, 3,5%, 20% және 24,6% құрады. Таза пайыздық маржа (NIM) 165,2%-ға 6,1%-деңгейіне дейін ұлғайды. Еуразиялық Банктің 2011 ж. таза табысы 6,05 млрд теңгені құрады.
Еуразиялық Банктің қамту желісіне қызмет көрсетудің толық спектрімен 18 филиалы,51 БКҚ және клиенттерге қызмет көрсететін 1,300 –ден астам орындар кіреді.
Банктің 2011 ж. бөлшек кредит беру саласында маманданған Societe Generale еншілес компаниясының – «ПростоКредит» компаниясының бизнесін сатып алуы, сондай – ақ корпоративтік және ШОБ қарыздарының көлемінің артуы Банктің несие қоржынының 20-пайызға өсуіне жеткізді.
2010 ж. ортасынан бастап Банктің клиенттік базасы 2012 жылғы сәуір айының басындағы жағдай бойынша 525 000 деңгейге дейін үш есеге дерлік өсті.
«Еуразиялық банк» АҚ-ның баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz
www.eubank.kz