logo
Қз

Еуразиялық банктің қайырымдылық қызметі жоғары марапатқа ие болды

14.12.2016, Алматы. Еуразиялық банк Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы конституциялық орган – Қазақстан халық Ассамблеясы (ҚХА) тарапынан марапатталды. Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея төрағасы болып табылады.

 

Еуразиялық банк қайырымдылықты дамытуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге қосқан үлесі үшін атап өтілді. Марапат салтанатты түрде 9 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырым жасаушылардың II форумында   тапсырылды. Шараға ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тугжанов, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасының орынбасары Владимир Божко, сенаторлар мен мәжілісмендер, қайырым жасаушылар, мемлекеттік орган, үкіметтік емес, этностық-мәдени, діни бірлестіктердің, қорлардың, ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Еуразиялық банк өкіліне Естелік кубокты олимпиада чемпионы Ольга Шишигина тапсырды.

 

Өткен жылдың қараша айында Қазақстанның Халықтар Ассамблеясының бастамасымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Қайырымдылық керуені» жалпы ұлттық акция басталған еді. Оның негізгі мақсаты – ел үшін күрделі экономикалық кезеңде қазақстандықтарды қайырымдылық қызметке қатысуға шақыру болып табылады. Акция шеңберінде ҚХА Еуразиялық банктің қайырымдылық қызметін атап өтті.

 

Еуразиялық банк корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстанып, қайырымдылық қызметке әрдайым атсалысып отырады. Бірнеше жыл бойы Еуразиялық банк «Мектепке барар жол» республикалық акциясына қатысып келеді. 2016 жылы банк көрсеткен көмектің арқасында Қазақстан бойынша 200 бала жаңа оқу жылын бастауға қажетті барлық құрал-жабдықтар алды. Сонымен қатар Еуразиялық банк Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді, осы жылы банк 220 астам ҰСА ардагерлері мен тыл еңбекерлеріне азық-түлік себетін сыйға тартты.

 

Соңғы бірнеше жыл бойы Еуразиялық банк Алматы облысы Іле ауданында орналасқан     «Солнышко» жеке меншік балалар үйіне белсенді түрде көмектесіп келеді. Бұған қоса ағымдағы жылдың көктемінде банк Алматыдағы «Жанұя» балалар үйіне компьютер сыныбын жабдықтап берді.

 

Анықтама:

Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы қазақстандық әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

 

Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж.; «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. және 2015 ж.;  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., 2016 ж.; «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 ж. және 2014 ж.

Еуразиялық банктің баспасөз қызметі:

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4945)

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.