logo
Қз

2013 жылы Еуразиялық банктің таза пайдасы 34 %-ға өсті

Еуразиялық банк 2013 жылдың қорытындысын шығарды.  Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) бойынша шоғырландырылған аудиттелген есептілікке сәйкес,  банктің таза пайдасы Қазақстандағы және Ресейдегі  операциялардың нәтижесінде  13.1 млрд теңгені  құрады, оның алдындағы жылы алған нәтижені 34%-ға  (2012 жылы 9,8 млрд теңге) өсірді.  Жиынтық  активтер 25%-ға  өсті және 588.6  млрд теңгені құрады, бұл  бөлшек кредит беру сегментінің40%-ға  (ҚР ҰБ деректері бойынша нарық бойынша орташа 27% кезінде) және корпоративтікклиенттерге және ШОБ-ке кредит беру сегментінің 7,5%-ға  өсуін қоса алғанда,  өтімді активтердің  31%-ға  және кредиттік  портфельдің  22%ға  өсуіне алып келді. 


Капиталдың рентабельділігі
 (ROAE) жоғары деңгейде сақталып, 24.7%-ға қол жеткізді.    Таза пайыздық маржа (NIM) 150 базистік тармақтан 9,3%-ға дейін көтерілді. Жылдың аяғында клиенттердің депозиттерінің жалпы сомасы 29%-ға өсіп, 404.6 млрд теңгені құрады.

 

Шығыстардың құрылымын бақылауда жалғастыра отырып, банк кірістердің шығыстарға арақатынасын (CIR) 2012 жылғы 55,2%  белгісінен  2013 жылы  51,4%-ға  дейін төмендетті.

 

«2013 жылы біз активтерді өсіруді және бизнес-платформаны кеңейтуді жалғастырдық, бұл ретте активтердің  рентабельділігінің жоғары көрсетікішін қамтамасыз еттік және шығыстарды қысқарттық. Өткен жылы біз қызметкерлердің штаты мен офистердің сандарын өсіргенімізді есепке алсақ, біздің табыстарымыз қомақтылана түседі. Біз 2014 ж. қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны ұстана отырып, бұдан да үлкен прогресстерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы                            Майкл Эгглтон.

 

2013 жылы банктің міндеттерінің бірі  әртүрлі бизнес сегменттері мен кірістік базаны сапалы өсіру арасындағы балансты қамтамасыз ету болды. Таза пайданың өсуіне банктің несиелік портфелінде бөлшек кредиттердің үлесінің 51%-ға дейін өсуі көп әсер етті. 2013 ж. Еуразиялық банк Қазақстандағы автокредит берудің абсолютті көшбасшысы бола отырып, әрбір төртінші жаңа автомобильді қаражаттандырды және әрбір екінші жаңа автомобиль кредитке сатып алынды.

 

Бөлшек кредит беру сегментінің айтарлықтай өсуіне қарамастан, дәстүрлі жоғары  тәуекелдермен бірге жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі (90 күннен жоғары мерзімі кешіктірілген) банктің портфелінде мәнсіз өсті және берілген қарыздардың жалпы санынан  9,9%-ды құрады,  бұл нарық бойынша 31,2% деңгейінде орташа деректер кезінде айтарлықтай төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады (ҚР ҰБ деректері бойынша).

 

2014 жылы  Еуразиялық банк  клиенттерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру,  бизнес процесстерді жеделдету және  инновациялық банктік технологиялар бойынша жұмыстарды жалғастыруды көздеуде.

 

Сондай-ақ  2013 жылы:

  • Нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан,  банк В+ от «S&P» кредиттік  рейтингін ұстап қалды; 2013 жылғы шілде айында «S&P»  болжамды «тұрақтылықтан»  «оң» болжамына дейін жоғарылатты.
  • 2013 ж.  Еуразиялық  банк  желілерді автоматтандыру және кеңейту нәтижесінде бөлшек кредиттер бойынша 90%-дан астам өтемдерді өзі дербес өңдеді.
  • Қызметтің көлемінің тез өсуін қолдау үшін қажетті банктің  бизнес-платформасы кеңейтілді. 2013 жылдың аяғында  банктің  20 филиалы, 143 бөлімшесі  және  3 225 сату орындары                   (2012 жылы 1 941)  болды.
  • Клиенттермен өзара әрекеттің тиімділігін жоғарылатуға жұмыс істей отырып, банктің                        Call-орталығы ай сайын 300 000-нан аса қоңырау соғуларды  қабылдап, жауап берді.
  • 2013 ж.  жұмыстың қорытындылары бойынша  EMEA Finance  халықаралық басылымы Еуразиялық банкті «Қазақстанның ең үздік банкі» деп атады.

 

«Еуразиялық  банк» АҚ баспасөз-қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.