logo
Қз

Банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов ғарыштық жобаларды дамытуды жалғастыруда

Алматы, 28.02.2022  

 

Кәсіпкер Шухрат Ибрагимовқа тиесілі Қазақстандағы Еurasian Space Ventures (ESV) жеке ғарыш компаниясы коммерциялық зымыран тасығыштарды әзірлеуші Deep Blue Aerospace Қытай компаниясымен Өзара ниеттестік туралы меморандумға (MOU) қол қойды.

 

Тараптардың мақсаты ақпарат, тәжірибе және идея алмасу, ғарыш жобаларын бірлесіп әзірлеу болып табылады. Осы келісім Қазақстан Республикасында жеке ғарыш саласын дамыту үшін ESV компаниясының әртүрлі елдердің ғарыш компанияларымен ынтымақтастығының аясын кеңейтеді.

 

“Соңғы жылдары Қазақстан жерсеріктер мен ғарыш аппараттарын өндіруге арналған бағдарламалық жасақтаманы жобалап, әзірлеуде, сондай-ақ түрлі жерсеріктік қосымшаларды құруда жетістіктерге жетуде. Қытай өзінің ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді түрде ендіріп жатқандықтан, біз қазақстандық ғарыш саласын дамыту үшін жеке ғарыш секторы мен Қытай компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың көптеген нұсқаларын көріп отырмыз. Біздің әріптестеріміз ғарышқа ұшу алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан бастау алғандықтан Қазақстанда ғарыш жобалары үшін киелі орын ретінде қабылдайды”, – деді ESV компаниясының құрылтайшысы Шухрат Ибрагимов.

 

ESV компаниясы жаңа буын микрочиптерін, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, ғарыш аппараттарын және құрлық жабдықтарын өндіру, ғарыш қызметтерін ұсыну саласындағы R&D зерттеулерін қоса алғанда, зымырандық және жерсеріктік технологиялар саласындағы ынтымақтастық әлеуетін жоғары бағалайтынын атап өтті.

 

“Қазақстан Ғарыш Сапары” ұлттық компаниясы мен Astana Hub халықаралық техно-паркінің қолдауының арқасында біз Қазақстанда аэроғарыш саласының инкубатор-акселераторын құрып жатырмыз. Оның дамуы үшін халықаралық компанияларды көбірек тартуға ұмтыламыз”, – деп толықтырды өз сөзін Шухрат Ибрагимов.

 

Бұған дейін серіктестер санын кеңейту, ғарыш және блокчейн технологиялары саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу мақсатында ESV ғарышта әлемдегі алғашқы орталықтандырылмаған жерсерік инфрақұрылымын дамытатын Сингапурдың SpaceChain компаниясымен Өзара ниеттестік туралы меморандумға қол қойған болатын.

 

Қазақстанның ғарыш индустриясында ESV “Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы” АҚ, “Қазақстан Ғарыш Сапары “ҰК” (ҚҒС) және Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны “Ghalam” ЖШС сияқты барлық ірі ойыншылардың қолдауына ие болды.

Deep Blue Aerospace туралы ақпарат

2016 жылдың қарашасында құрылған Jiangsu Deep Blue Aerospace Technology Co., Ltd. қайта пайдалануға болатын зымыран-тасығыштарды зерттеу мен әзірлеуге және коммерциялық ұшыруларды қамтамасыз етуге мамандандырылған озық технологиялық коммерциялық аэроғарыштық кәсіпорын болып табылады.

Deep Blue Aerospace компаниясының штаб-пәтері Наньтунда орналасқан. Компанияның Пекин, Ичжуан және Сиань қалаларында зымыран технологиялары мен сұйық қозғалтқыштарды зерттеу және дамыту орталықтары бар.

Eurasian Space Ventures (ESV) туралы ақпарат

ESV миссиясы Қазақстанға коммерциялық ғарыш өнеркәсібінің жетекші компанияларын, технологиялары мен мамандарын тарту, сондай-ақ осы саладағы жаңа жобалар мен жасақтамалар үшін бірыңғай орталық ретінде қызмет ету болып табылады. Компания туралы толығырақ ақпарат оның www.eurasian.space сайтында берілген.

 

БАҚ үшін байланыс деректері:

 

Eurasian Space Ventures

info@eurasian.space

 

 

Евразийский банк

press@eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.