15 сәуір 2023 жыл
15 сәуірде Алматыда Халықаралық Жер күні қарсаңында Еуразиялық банк қызметкерлері Alma-Qala қоғамдық қозғалысымен бірлесе отырып, қаланың тарихи жаяу жүргіншілер (Панфилов) көшесінде 15 Сиверс алма ағашын отырғызды, сондай-ақ Алматының Алмагүл шағын ауданындағы №125 мектептің сенбілігіне қолдау көрсетіп, 50 ағаш пен 57 бұта екті. Қазір мектеп аумағында қайың, үйеңкі, қарағай, боз арша, бөртегүл, арша және шамшат ағаштары бой көтерді.
“Біз Алматы қаласын алма бағына айналдыру және қаланың аты текке аталмағанын дәлелдеу үшін Alma-Qala қоғамдық бастамасы аясында оныншы жыл қатарынан алма ағашының көшеттерін отырғызып жатырмыз. Үстіміздегі жылы өз қолымызбен 100 000 астам ағаш ектік. Олардың жапырақтарының жайқалып, тамырының тереңге жайылғанын көрудің біз үшін маңызы зор, кейбірлері тіпті жеміс бере бастады. Биылғы жылы Панфилов тарихи көшесіне көшет отырғызу жұмысы белсенді жүргізілуде. Еуразиялық банктің арқасында біз үлкен талдар сатып алдық. Бұл біздің бойлай бастаған көшеттерді отырғызудағы алғашқы тәжірибеміз. Алматы тұрғындарын көшеттердің жанынан өтіп бара жатқанда бір бөтелке су құйып, оларды өсіруге үлес қосуға шақырамыз, өйткені алма ағашы бастапқы екі жылда тыңғылықты күтімді қажет етеді. Болашақта Алматы аулалары мен көшелеріндегі жеміс ағаштары қаулап өсіп, көктемде бізді жұпар иісімен, алмасының дәмімен тәнті қылары сөзсіз. Оның үстіне алма ауыр металдарды сіңірмейтін мүлдем қауіпсіз жеміс екені дәлелденген. Сондықтан алманы сумен шаю, тіпті болмаса бала күнгідей киімнің жеңіне ысқылап жіберіп, жей беруге болады, — деп атап өтті Алматы қ. 4 округінен ҚР Парламенті Мәжілісіне өткен депутат, Alma-Qala қоғамдық бастамасының жетекшісі Ерлан Стамбеков.
Alma-Qala – қаланың әр жерінде алма көшеттерін отырғызуды ұйымдастырып, Алматының “алмалы қала” мәртебесін қайтаруды көздейтін қоғамдық эко-қозғалыс. Биыл қозғалыстың құрылғанына 10 жыл толды.
“Бірінші кезекте алматылық ретінде қаламызды 10 жылдан бері көгалдандыруға атсалысып жүрген Alma-Qala қоғамдық қозғалысына алғысымды білдіремін. Еуразиялық банк те жасыл технологиялардың жақтаушысы, өз қызметкерлерінің, клиенттерінің бойында салауатты эко-әдеттерді қалыптастыруға ұмтылады. Екі жыл бұрын біз қайта өңделген пластиктен Эко карта жасап шығардық. Бұл карта транзакциялары бойынша бонустардың бір бөлігі көгалдандыру жобалары үшін жинақталады. Бүгін біз бұл бонустарды қаланың екі ауданында –№ 125 мектеп пен Панфилов көшесінде Еуразия көшеттеріне айналдырғанымызға өте қуаныштымыз. Қала тұрғындарымен күш біріктіре отырып, Алматының бақ-қала даңқын қайтаратынымызға шынымен сенемін”, – деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.
2021 жылы Еуразиялық банк MasterCard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп, елдегі қайта өңделген пластиктен жасалған жалғыз эко-картаны шығарды, онымен төлем жасаған клиенттер автоматты түрде көгалдандыру және қоқыс сұрыптау жөніндегі эко-жобаларға қатысады. Эко-карта бойынша бонустар мөлшері 30% дейін жетеді, жасыл жобаларға банк әрбір қолма-қол ақшасыз транзакциямен сатып алу сомасының 0,5%-ын жұмсайды.
“Еуразиялық банк” АҚ — қазақстандық банктердің ішінде активтері жөнінен жетінші орындағы әлеуметтік маңызды қаржы институты. Автонесие беруден даусыз көшбасшы, тауар несиесі жөнінен үздік 3 банктің қатарында, бөлшек банкинг нарығында жетекші орынды ұстап тұр, корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлерге қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Банктің Moody’s шкаласы бойынша В2 рейтинг болжамы 2022 жылғы 15 желтоқсанда “позитивті” деген бағамен расталған болатын. Банк ERG тобының (минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады.
Қосымша ақпарат үшін:
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі
press@eubank.kz
eubank.kz