2011 жылғы 8 тамыз, Алматы – 5 тамызда «Еуразиялық банк» АҚ Future 20 әлеуметтік бағдарламасын іске қосудың I жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Осы жылы қазақстандық және шетелдік ЖОО-ның тағы да он түлегі бірегей банктік жобаға қатысу үшін қосылды.
Еуразиялық банк 2010 жылы мемлекеттік индустриалдық-инновациялық бағдарлама шеңберінде Қазақстанның банктік бизнесі үшін жас мамандар мен жоғары білікті менеджерлерді даярлауға бағытталған Future 20 бағдарламасын іске қосқаны мәлім.
Өткен жылдың шілде айында қазақстандық және шетелдік ЖОО-ның ең үздік 20 түлегі өздерінің еңбек жолдарын жыл сайын ауысу шарттарымен банктің бас офисі мен филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінде бастады. Жоба жұмыс және оқу барысында банк ісінің әртүрлі бағыттары бойынша мол тәжірибе жинақтайтын жас мамандардың мансап жолындағы бастапқы қадамдары болды.
Жобаның бастамашысы болған «Еуразиялық банк» АҚ-ның Басқарма төрағасы Майкл Эгглтонның айтуынша, бағдарламаны іске асырудың бірінші жылы өте табысты болды. «Біз өзіміздің интерндерімізге үлкен үміт артамыз. Осы уақытта жас мамандар өздерінің үздік қабілеттерін көрсете білді. Олар алдыға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, өз істерінің кәсіби мамандары болатынына сенімдімін»,- дейді Эгглтон мырза.
Биылғы жылы банк жобаға қатысушылар санын 25 адамға дейін арттырып, жаңа Future 25 жобасына жол ашты.
«Біз ҚазҰУ, ҚМЭБИ, ХБА, ҚБТУ, ЕҰУ және шетелдік ЖОО-ның 395 үміткерінің арасынан өз «альма – матер» қабырғасында-ақ таныла білген 2011 жылдың ең үздік түлектерін іріктеп алдық. Олар – Нұрсұлтан Назарбаев атындағы оқу гранттарының стипендиаттары, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, шетелдік университеттерде қазақстандық студенттер қауымдастықтарының ұйымдастырушылары, халықаралық ғылыми-білім беру конференцияларының жүлдегерлері, Олимпиада жеңімпаздары, «Алтын Белгі» төсбелгілерінің иегерлері», – дейді «Еуразиялық банк» АҚ-ның басқарушы директоры және жобаның жетекшісі Гүлнар Мусина. – Жобаға қатысушылардың екеуі бағдарламадан шығып, қызметтерін Еуразиялық банкте жетекші маман лауазымында бастады. Банкте шыңдала отырып, олар орта буынды топ-менеджерлер қатарына дейін өседі және банк жүйесінің ішкі қыр-сырларын үйренеді».
Банктің 2011 жылға арнап қабылданған қызметкерлердің білім сапасын жетілдіру тұжырымдамасына сәйкес Еуразиялық банкте жұмыс істеу үшін жас мамандар көптеп тартылуда. Ал еліміздің ЖОО-мен тығыз ынтымақтастық түлектердің білім деңгейін жетілдіруге және нарық сұранысы мен білім саласындағы ұсыныс арасындағы орын алып отырған үйлесімсіздікті төмендетуге ықпал етеді.
Анықтама үшін:
«Еуразиялық банк» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 1994 жылғы 26 желтоқсанда тіркелген.
Еуразиялық банк басты мақсаты клиенттік базаны кеңейту, банкті филиалдар желісі дамыған ашық, әмбебап қаржы институтына айналдыру стратегиясын жүзеге асырады. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында Банктің 18 филиалы мен 49 бөлімшесі бар.
2011 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін шоғырландырылмаған есептілік деректері бойынша Банктің 2011 жылғы 1 шілдедегі таза пайдасы 2,27 млрд. теңгені құрады. Несие портфелі (есептелген пайыздарды ескере отырып) өткен жылмен салыстырғанда 28,6%-ға және жылдың өткен кезеңі үшін 8.7%-ға артты. Банктің меншік капиталы 28,2 млрд. теңгені құрап, 9,1%-ға артты.
«Еуразиялық банк» АҚ-ның Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz