Пресс-релиз. Алматы, 2026 жылғы 13 ақпан. Жетекші қаржы ұйымы ретінде Еуразиялық даму банкі (ЕАБР) мен екінші деңгейлі банк “Еуразиялық банк” АҚ (Еуразиялық банк) Өскемен ЖЭО (“Қазақстан коммуналдық жүйелері” ЖШС компания тобына кіреді) жаңғырту және кеңейту жобасын іске асыру үшін 180 млн АҚШ долларында ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынды . Оған қосымша ЕАБР жобаны іске асыру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге гранттық қаржыландыруды ұсынды.
Бірлескен қаржыландыру аясында ЕАБР мен Еуразиялық банк әр банк атынан 90 млн АҚШ доллары мөлшерінде ұзақ мерзімді кредит желісін ашты. Бұл ретте қарыз алушының Еуразиялық банк кредиті бойынша төлем міндеттемелері ЕАБР шығаратын төлем міндеттемелерін орындау кепілдігімен өтеледі. ЕАБР кепілдігі түріндегі кредит сапасын арттыру механизмі (credit enhancement mechanism) инвестициялық жобаны қаржыландыруға қажетті екінші деңгейлі банктен ұзақ мерзімге ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартуға мүмкіндік берді.
Өскемен ЖЭО жаңғырту және кеңейту жобасы станциялардың электр қуатын 100 МВт-ға, ал жылыту қуаттылығын 130 сағ/Гкал арттыра отырып, электр қуатының тапшылығы мәселесін шешуге, электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, сондай-ақ Өскемен қаласының 300-ден астам көппәтерлі тұрғын үйлері мен әлеуметтік объектілерін жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаға кіреді және мемлекет пен оның тұрғындары үшін үлкен әлеуметтік маңызы бар.
Жаңа энергоблок заманауи энергетикалық және экологиялық жүйелермен жабдықталған, жаңа жабдық Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекс талаптарына толық сәйкес келеді. Шаңды жоғары тазарту деңгейі және азот, күкірт және көміртегі оксид шығарындыларының төмендеуі қоршаған ортаға тигізетін әсерін айтарлықтай азайтады.
“Энергетика Банктің инвестициялық қызметі үшін басым салалардың бірі болып табылады және біз ынтымақтастығымыз Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға елеулі үлес қосуға көмектесетініне, сондай-ақ бүкіл өңірді дамыту үшін қуатты ынталандыру болатына қуаныштымыз”
Бұл мәміле коммерциялық банкпен ірі инвестициялық жобаны бірлесіп қаржыландырудың табысты үлгісі болып табылады, мұнда ЕАБР төлем міндеттеме кепілдігін бірлескен қаржыландырушы ұйым пайдасына беру арқылы жобаның негізгі қаржы тәуекелдерін өзіне алады-деп мәлімдеді ЕАБР Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Даленов.
“Даму институтымен серіктестігіміздің арқасында біз ұзақ мерзімді қаржыландыру мен кредиттік тәуекелдерді сенімді өтей отырып, ірі инфрақұрылымдық жобаға кірдік. Ал күрделі мәмілелерді құрылымдаудағы ЕАБР тәжірибесі мен сараптамасы бізге, отандық банк ретінде энергетика мен капиталды көп қажет ететін салалардағы құзыреттерді арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе бизнес пен жоғары әлеуметтік жауапкершілік біріктірілген тарихтың бір бөлігі болу біз үшін ерекше құнды. Нәтижесінде Өскемен тұрғындары тұрақты жылу мен электр энергиясын алады, ал өңірдегі экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарады”, — деп атап өтті “Еуразиялық банк” АҚ Басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева.
«Қазақстан коммуналдық жүйелері компаниялар тобы жүйелі негізде инвестицияларды энергиямен жабдықтау сенімділігіне және өңірлердің ұзақ мерзімді тұрақтылығына дәйекті түрде түрлендіре отырып, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және еншілес кәсіпорындардың қуаттарын дамытуға инвестициялар салады. Біз ЕАБР -ның ҚКЖ жобаларын қаржыландыруды ұйымдастырудағы және инвестициялық тартымдылығын арттырудағы рөлін жоғары бағалаймыз”, – деп атап өтті “Қазақстандық коммуналдық жүйелер” ЖШС Бас директоры Сабыргали Идрисов.
Анықтама:
Еуразиялық даму банкі (ЕАБР) – инвестициялық қызметті еуразиялық кеңістікте жүзеге асыратын көпжақты даму Банкі. 20 жылдан бері ЕАБР экономикалық байланыстарды нығайтып кеңейтуге және қатысушы елдердің жан-жақты дамуына жәрдемдесіп келеді. 2025 жылдың желтоқсан айының соңына қарай ЕАБР жинақталған портфеліндегі жалпы инвестиция көлемі 19,6 млрд АҚШ доллары. ЕАБР портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық әсерлі жобалар алады. Банк өз қызметінде БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары мен ESG қағидаттарын басшылыққа алады.
“Еуразиялық банк” АҚ – 2024 жылғы 26 желтоқсанда өзінің 30 жылдығын атап өткен Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі.
Активтер көлемі бойынша еліміздегі ең ірі банктердің ондығына кіреді, бөлшек банкинг нарығында жетекші орынға ие, корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне кең спектрлі қызметтерді ұсынады. Қазақстан Республикасының аумағында 19 өңірлік филиалы мен 119 есептік-кассалық бөлімшесі бар. Банк ERG тобының экожүйесіне жатады (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі).
“Қазақстандық коммуналдық жүйелер” компаниялар тобы-электр және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу нарықтарында жұмыс істейтін тігінен интеграцияланған холдинг. Компания 2008 жылы құрылған. “ҚКЖ” ЖШС негізгі қызмет түрлері: электр энергиясы өндірісі ; жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын тасымалдау; жылу және электр энергиясын өткізу. Компания өңірлік түрде 4 облыста – Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ұсынылған.
“Өскемен ЖЭО” ЖШС – Шығыс Қазақстан облысындағы жылу және электр энергиясының ірі өндірушісі. Белгіленген жылу қуаты – 859,9 сағ/Гкал, электр қуаты-372,5 МВт. Компания ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жылу энергия өндірісін қамтамасыз етіп, қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторы жүктемесінің 80% – дан астамын жабады. Компания өз кезегінде Қазақстандағы жылу және электр энергиясын өндіру, беру және өткізуді жүзеге асыратын ірі жеке энергетикалық компаниялардың бірі болып табылатын “Қазақстан коммуналдық жүйелері” ЖШС тобына кіреді (Fitch ұзақ мерзімді рейтингі “ВВ” деңгейінде).