Қазақстанда дирижер Мадияр Тойболдының жетекшілігімен Ne Prosto Orchestra оркестрінің ауқымды гастрольдік туры басталды. Осы жылдың көктемінде 35-тен 80-ге дейін оркестр мен хор музыканттары елдің 14 қаласында концерттік бағдарлама ұсынады.
Бағдарлама музыкасы «Дюна 1 және 2», «Интерстеллар», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Кунг-фу Панда», «Бэтмен», «Гладиатор», «Арыстан патша», «Шерлок Холмс», «Мадагаскар», «Соңғы самурай» сияқты атышулы фильмдерде, сондай-ақ танымал Call Of Duty бейнеойынында қолданылған қазіргі заманның ең беделді кинокомпозиторларының бірі Ханс Циммердің шығармашылығына арналған. Бұл үлкен жобаға Еуразиялық банк қолдау көрсетті.
«Бұл банктің қатысуымен өтетін ұжымның екінші гастрольдік туры. Өткен жылы «Ғаламат ғасыр» түрік телехикаясының саундтрек концерттік бағдарламасы аймақтардағы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, сондықтан біз Ne Prosto Orchestra-мен ынтымақтастықты жалғастыру маңызды деп санадық. Бірлесіп отырып қазақстандық ұжымның интерпретациясында отандастарымызға әлемдік киномузыкалық мұрадан алар жарқын музыкалық әсер сыйлай аламыз. Сондай-ақ, Қазақстанның креативті экономикасының дамуына өз үлесімізді қосу маңызды», — деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.
Оркестр Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қаласында өз өнерлерін көрсеткен болатын, алдағы күнде Қазақстанның тағы 8 қаласында болмақ. Гастрольдік турдың барлық концерттері Қазақстанның жетекші концерттік алаңдарында өтеді және олардың әрқайсысы еліміздегі музыка сүйер қауымды баурай отырып, көрнекті мәдени оқиға болады деп күтілуде.
«Миллиондаған адамдар білетін және жақсы көретін музыканы орындау біз үшін үлкен мәртебе. Әрбір концерт — көрермендермен жанның бір бөлігімен бөлісу, ұлы композиторлар туындыларының эмоциялары мен атмосфераны жеткізу мүмкіндігі. Біздің басты мақсатымыз — халықты мәдени байыту, контент бойынша да, композициялардың техникалық орындалуы бойынша да нарықтағы ең үздікті көрсету. Мен Еуразиялық банкке қолдауы мен сенімі үшін шын жүректен ризамын — бүгін біз ауқымды жобаны бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз және бүкіл Қазақстанға өнерімізді паш етіп, бөлісеміз», — деді өз сөзінде Ne Prosto Orchestra жобасының негізін қалаушы және дирижері Мадияр Тойболды.
Ne Prosto Orchestra — 2017 жылы Алматыда Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Мадияр Тойболды құрған Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз симфониялық оркестр. 120 музыканттан тұратын ұжым танымал фильмдер мен сериалдардың саундтректерін орындауға, сондай-ақ танымал әуендерді аранжировкалауға және танымал қазақстандық орындаушылармен коллаборация жасауға маманданған. Оркестр әлемдік танымал композицияларды орындау кезінде қазақтың ұлттық аспаптарын қоса отырып, өзіндік сәйкестендіруге баса назар аударады.