logo
Қз

"Еуразиялық банк" АҚ отандық автоөнеркәсіпті қолдау бағдарламасы шеңберінде үшінші траншты алды

2018 жылғы “23” қаңтар, Алматы қ., Пресс-релиз. “Еуразиялық банк” АҚ Жеңілдетілген автокредит беру мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Қазақстан Даму Банкі” АҚ-тан 1 875 000 000 (бір миллиард сегіз жүз жетпіс бес миллион) теңге мөлшерінде үшінші траншты алды. Қаражаттар жеке тұлғаларға – жеңілдетілген талаптар бойынша Қазақстандағы «Азия Авто» АҚ пен «СарыаркаАвтоПром» ЖШС шығарған жеңіл автокөлікті сатып алушыларға кредит беру үшін бөлінді.

 

Кредит берудің негізгі талаптары:

– автокөліктің ең жоғарғы құны – 15 000 000 теңге

– кредит беру мерзімі – 84 айға дейін

– сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4,0%

– жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 4,1% бастап

– алғашқы жарна – автомобиль құнынан 20% дейін

– банктік комиссиялар – қарастырылмаған

* клиенттер өз тарапынан сақтандыруға және автокөлікті кепілге ресімдеуге қатысты шығындарды өтейді. КАСКО сақтандыруы бойынша пайда алушы Банк болып табылады.

 

2015-2016 жылдары отандық автоөнеркәсіпті қолдау мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Еуразиялық банк” АҚ-қа 7 310 000 000 (жеті миллиард үш жүз он миллион) теңге жалпы сомасында екі транш бөлінді. Ақша қысқа мерзім ішінде игерілді: 2 ай ішінде.

 

Айта кететін жәйт, Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасы жаңартпалы сипатқа ие – кредитті алып қойған жеке тұлғалармен негізгі борышты өтеуден түсетін қаражат есебінен автомобильдерді сатып алуға жаңа қарыздар беріледі.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.