logo
Қз

Еуразиялық банк «Даму» қорынан 4,5 млрд теңге қаражатты кәсшті жеңілдікті несиелеуге алды

Алматы қаласы, 2018 жыл қыркүйектің 17-і, Пресс-релиз «Еуразиялық банк» АҚ (ары қарай – «банк») «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан (ары қарай – «қор») «III Даму аймағы» аймақтық басымдылықтағы кіші және орта кәсіпкерлік жобалар субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы» аясында 4 500 000 000 (төрт жарым миллиард) теңге қаражатты алды.
Несиелеу шарттары: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық теңгеде 14%-дан аспайтын, комиссиясыз, несиелеу мерзімі – 84 ай, несиелеудің мақсаты  –  жаңа және негізгі қаражатты жетілдіру, айналымдағы қаражатты ұлғайту. «Даму» КДҚ-ның кепілдігі ретінде  банк политикасының талаптарына сәйкес жылжымайтын және өтімді жылжымалы мүлік болуы қажет.

 

Осыған орай, Еуразиялық банкпен Алматы қаласында «Мадина» ЖШС Yutong маркалы 17 автобусты сатып алу үшін қаржыландырылды. Бұл клиент үшін қосымша «Даму» кепілдігі мен жобаны субсидиялау жүргізілді. «Мадина» ЖШС 1993 жылы құрылған. Компания Алматы қаласындағы жолаушыларды №128, №72, №25 маршруттары бойынша тасымалдау жұмыстарымен айналысады. Автопаркте 44 автобус бар. Несие 128 маршрут автобустарын жаңарту үшін қарастырылған.

 

Оған дейін Еуразиялық банк келесі бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қатысқан: өндірісті өңдеу саласында СМСП қолдау бағдарламасы (1, 2 және 3 транштар), Аймақтық басымдылықтағы кіші және орта кәсіпкерлік жобалар субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы, Жамбыл облысындағы аймақтық қаржыландыру бағдарламасы, Еңбек қаласындағы «Жалпы кәсіпкерлік бағдарламасы». Қазіргі таңда «Еуразиялық банк» АҚ қосымша бөлінген ресурстарды «Даму» КДҚ-ның келесі бағдарламалары бойынша игеруді жалғастыруда:

1.      «2017-2021 жылдардағы нәтижелі жұмыстылық пен жалпы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы»;

2.      «Өндірісті өңдеу саласында СМСП қолдау бағдарламасы» (1, 2 және 3 транштар);

3.       «Аймақтық басымдылықтағы кіші және орта кәсіпкерлік жобалар субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы».

 

Банк жайлы

Еуразиялық банк – Қазақстандағы 24 жылдық даму тарихы қалыптасқан, социалды маңызы бар коммерциялық банк. Корпоративті және КОК клиенттеріне кең ауқымды қызметтер ұсынатын, жекелей банкинг нарығында алдыңғы қатарларда орналасқан қаржы институты. 2017 жылы қыркүйектің 4-і Еуразиялық банктің директорлар Кеңесі қаржы институтын 2022 жылға дейін жекелей кәсіпті дамыту саласындағы  стратегиясын қабылдады. Еуразиялық банк «ERG» ірі компаниясының басшылары – Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов пен Патох Шодиевке тиесілі.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 вн.3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.