logo
Қз

Еуразиялық банк көпшілікті PAYDA бөліп төлеу картасымен таныстырды

2018 жылғы “1” наурыз, Пресс-релиз, Алматы қ. Бүгін “Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі – банк) ұсынған PayDA бөліп төлеу картасының жарнамалық кампаниясы өз бастамасын тапты. Әзірлеушілердің пікірінше, өнімнің мақсатты аудиториясы – төлем карталарының көмегімен сатып алуларын төлеуге дағдыланған барлық қазақстандықтар, бірақ енді оларда бөліп төлеумен төлеу мүмкіндігі пайда болды.

 

“Біз нарықтағы бар өнімдерді талдап шықтық және клиент үшін күнделікті сатып алуларды жасауға барынша ыңғайлы картаны жасадық, – дейді “Еуразиялық банк” АҚ Басқарма төрағасы Павел Логинов. – Біз бөліп төлеу картасына сенеміз, PayDA картасын біздің банк үшін флагмандық өнімдердің бірі деп санаймыз, жергілікті нарықта бұл өнімнің болашағы зор екеніне көзіміз жетеді. Клиенттер біздің картамыздың ыңғайлылығын және артықшылығын бағалайды деп үміттенеміз”. 

 

Pay!da картасының басқа бөліп төлеу карталарынан басты ерекшелігі – серіктестік желі бойынша шектеулердің жоқтығы, әр сатып алу үшін бонустар, сондай-ақ Қазақстанда да шетелде де сатып алулар үшін төлеу мүмкіндігінің бар болуы. Осыған қоса PayDA көмегімен интернет-дүкендердегі онлайн сатып алулар үшін төлеуге болады. PayDA картасы сатып алуларға артық төлеусіз төлеуге мүмкіндік береді, бұл Еуразиялық банктің клиенттері үшін керемет жаңалық.

 

Pay!da бөліп төлеу картасының негізгі талаптары:

  • Лимит – 25 000 теңгеден бастап 1 000 000 теңгеге дейін
  • Мерзімі – мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 2 жыл.
  • Мөлшерлемесі – 0%
  • Шығару және жылдық қызмет көрсету үшін комиссия – 0 теңге

 

 

Банк туралы

Eurasian bank   24-жылдық даму тарихы бар қазақстандық коммерциялық әлеуметтік маңызы зор  қаржы институты. Банк бөлшек банкингі нарығында озық позицияларға ие және корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне кең аууқымды қызметтерді ұсынады, Қазақстан Республикасының үздік 10 ірі коммерциялық банктердің қатарына кіреді.

 

Eurasian bank 2017 жылдағы жетістіктері

 

  • Банктің жаңа машиналарды кредиттеу нарығындағы үлесі 50%-дан асты.
  • Тауарлық кредиттеудегі сату өсуі банктің барлық ғұмырын есепке алғанда тарихи максимумға жетті.
  • Алғашқы рет люкс санаттағы брендтерді кредиттеу бағдарламасы іске асырылды: BMW, Mercedes және Cadillac
  • Клиенттер саны – 2,6 млн. қазақстандық.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.