7000 қазақстандық NFC сымсыз мағлұматтарды беру технологиясының көмегімен өздерінің ұялы телефондары арқылы төлем жасап, ыңғайлылығына баға берді. Арнайы чипі бар терминалға NFC қолдайтын смартфонды қояды, одан кейін терминал құралды анықтайды да қаражатты шешіп алады. Ол үшін смартфонға банк картасын тіркеп, телефон Android операциялық жүйесі мен NFC технологиясын қолдауы керек. Eurasian Bank-ке NFC-ді дәл қазір қосуыңызға болады.
Ол үшін pay.smartbank.kz сайтында Mastercard Gold PayPass «алтын» картасына тапсырыс берсеңіз жеткілікті. Картаны шығару мен қызмет көрсетуі жарамды мерзімі кезінде тегін. Қазіргі таңда науқан жүріп жатыр: Gold картасына қыркүйектің 1-не дейін тапсырыс берген жағдайда Қазақстанның Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент, Талдықорған сияқты қалаларында қолыңызға беріп, тегін жеткізеді.
Картаны алғаннан кейін Google Play-де Eurasian Pay қосымшасын жүктеп, картаны тіркеңіз. Жаңартудан бөлек, Eurasian bank ұсынған «алтын» карта бойынша бірнеше артықшылықты береді: әрбір ақшасыз төлемге 1-ден 3%-ға дейін бонус береді. Одан бөлек, Еуразиялық банк Masterсard «алтын» картасы бойынша «Сүйікті санат» қызметін пайдаланып, 4%-ға дейін бонус алуға мүмкіншілік береді. Сүйікті санатты интернет-банкингте айына бір рет мүлдем тегін таңдауға болады. Бонустарды «тірі ақшаға» айырбастауға болады, 1 бонус 0,9 теңгеге тең. Eurasian Bank карталары Қазақстан және шетелде де 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз қаражатты шешу мүмкіншілігін береді.
Одан бөлек, Eurasian Bank, ForteBank, Сбербанк, Цесна банк және Kaspi Bank өздерінің банкоматтарынан бірыңғай кеңістік құрды, яғни банк клиенттеріне «өздерінің» тарифтері жұмыс істейді. Eurasian Bank-тің банкоматынан 300 000 теңгеден жоғары сомада қаражатты комиссиясыз шешуге болады. Еуразиялық банктің Masterсard «алтын» картасы 3D Securе технологиясымен қорғалады, яғни Ғаламторда қауіпсіз төлемдер жасауға кепілдік береді.
Көптеген қызметтер қосымша мен Smartbank интернет-банкингте қол жетімді. Қазақстанда POS-терминалдардың 65% ғана жанасусыз төлемдерді қолдап қызмет атқарады, ал онсыз NFC-ді қолдану мүмкін емес. Оның көп бөлігі Алматы мен Астана қалаларында орналасқан. Бірақ 2020 жылға жаппай жанасусыз төлемдерді енгізу жоспарлануда.