logo
Қз

Еуразиялық банк өз қаржы кеңесшілерін Linux бағдарламалық қамтамасыз етуге ауыстырды

Баспасөз хабарламасы, Алматы қ., 2018 жылғы 1 маусым  «Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі – «Банк») өзінің 2500 қызметкерін, қаржы кеңесшілерін банктің қаражатын тиімді жұмсау мақсатында бұрын пайдаланған Microsoft бағдарламалық қамтамасыз етуден еркін таратылатын Linux бағдарламалық қамтамасыз етуге ауыстырды. Жалпы үнемдеу нәтижесі жылына 183 млн теңге.

 

Ағымдағы экономикалық жағдайда ҚР және РФ көптеген ірі компаниялары тегін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын болған, нарықта мұндай ауыстырулардың едәуір көптеген сәтті мысалдары бар.  Еуразиялық банктің басқарма төрағасының орынбасары Олег Печенкиннің айтуынша, «жалпыға мәлім,  IT шығыстары – ірі компаниялардың ең шығынды бабы, осыған орай, біз операцияларымызды және карточкалық жүйелерімізді қорғаудың ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін және банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелерді сатып алуға және стратегиялық маңызды инфраструктуралық IT-бағдарламаларды жаңартуға бағыт алдық.  Біз осы  бағдарламалық қамтамасыз етуді ұқсас  тегін бағдарламаға ауыстыруды жөн деп есептейміз».

 

Экономикалық пайдадан басқа, банк жұмыс жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін күшейтті және техникалық қолдау мен қызмет көрсетудің жүктемесін төмендетті: Linux жүйесі вирустарға тұрақты және шыдамды. Ең маңыздысы, банк клиенттеріне серіктестер желісінде қызмет көрсету жылдамдығын және сапасын жақсарту, бағыты – клиенттердің деректерін қорғау болып табылады.

 

Қаржы кеңесшілер – банк бизнесінің POS-кредит беру және автокредит беру сияқты, ал бұл елдегі 800 таяу сауда орындары, бағытында жұмыс істейтін қызметкерлер.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі: +7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.