logo
Қз

Еуразиялық банктің командасына Наталья Дружинина қосылды

6 наурыз 2018 жыл, Пресс-релиз, Алматы қ. “Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі – “банк”) Наталья Михайловна Дружининаның банктің Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғаны жайлы хабарлайды. Дружинина ханымның жауапкершілік саласына банктің қаржы блогы кіреді. Сондай-ақ “Еуразиялық банк” АҚ Директорлар кеңесі шешімінің негізінде Наталья Дружинина Басқарма мүшесі болып сайланды.

 

Наталья Михайловна Дружинина банктік салаға 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің іс қағаздарын жүргізу инспекторы лауазымына келді. Ол Ұлттық банкте 2004 жылға дейін жұмыс істеді, Жоспарлау және бюджетті бақылау басқармасының бас экономисті лаузымына дейін мансап жолын өтті, бизнес жоспарлау, бюджетті бақылау және талдау жүйесін қалыптастыруға қатысты.

 

2004 жылдан бастап 2007 жылға дейін аралығында Дружинина Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінде жұмыс істеді, ол жерде КРІ жүйесін қалыптастыру мен қызметкерлерді ынталандыруға жауапты болды және еншілес ұйымдардың тиімділігін бағалау жүйесін әзірлеуге қатысты.

 

2007 жылдан бастап 2018 жылға дейін аралығында Наталья Дружинина “Сбербанк” ЕБ” АҚ-та бюджеттеу және жоспарлау департаменті директорының орынбасары, жоспарлы-экономикалық департаменті директорының орынбасары, қаржы департаменті директорының орынбасары, қаржы департаментінің директоры лауазымдарында өз қызметін атқарды. Жұмыс барысында бизнес жоспарлауды, экономикалық ынталандыруды, басқарушылық талдауды, тариф саясатын әзірлеуге, қызметтердің өтімділігін, клиенттерді және өнімдерді бағалауға, активтерді және пассивтерді басқаруға, сонымен қатар банктің шығындарын басқаруға ат салысты.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.