logo
Қз

«Еуразиялық банк» АҚ Арыс қаласында зардап шеккен адамдарға кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру арқылы қолдау көрсетпек

Баспасөз релизі, Алматы қ., 2019 жылғы 26 маусым

«Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі — Банк) қайғылы оқиға салдарынан зардап шеккен Арыс қаласы тұрғындарының қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіреді.

 

Осындай ауыр жағдайда қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында Банк оның клиенттері болып табылатын және Банктен кредит алған Арыс қаласының тұрғындары үшін төлемдер мерзімін үш айға кейінге қалдырады. Кейінге қалдыру Еуразиялық банкте ашылған барлық кредит түрлері бойынша ұсынылады.

 

Төлем мерзімін кейінге шегеру үшін клиенттер 2019 жылғы 31 тамызға дейін Банктің кез келген бөлімшесіне барып өтініш жасауы тиіс.

Бұған қосымша 2019 жылғы 29 маусымда, сенбі күні, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Шымкент қаласындағы филиалдың ғимаратында (Абай ауданы, Темірлан тас жолы, 1в) Банк өз клиенттерінен кейінге қалдыруға өтінімдер қабылдайтын болады.

 

Банктің менеджерлері бөлімшеге өтініш жасай келген клиенттерге жаңартылған төлемдер кестесін береді.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3362.

press@eubank.kz

eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.