logo
Қз

Еуразиялық банк Басқармасының құрамындағы өзгерістер

11.08.2016, Алматы. – Еуразиялық банктің баспасөз қызметі Банк Басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды. 2016 жылғы 9 тамыздағы Директорлар кеңесінің Шешіміне сәйкес Юсуф Зия Аслан стратегиялық жоспарлауды, жобаларды басқаруды, әдіснама және сапаны бақылауға жетекшілік ететін Еуразиялық банктің Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, Юсуф Аслан Еуразиялық банк пен Қазақстанда жұмыс істейтін түрік компаниялар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға жауапты болады.

Юсуф Асланның  MNG Bank пен Bankpozitif A.S. (Hapoalim тобы, Израиль) қосқанда Түркияның әртүрлі банктерінің ішкі аудит қызметтерінде атқарған он екі жылдық өтілі бар. 2011 жылдан бастап Юсуфтың мансабы Қазақстанмен байланысты өрбіді:  БанкПозитив Қазақстанда ол операциялық қызмет және әкімшілік ету жөніндегі басшы, ал одан кейін Басқарма Төрағасының операциялық қызмет және әкімшілік ету жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 2013 жылғы ақпаннан бастап Юсуф Аслан Басқарма Төрағасы лауазымында  БанкПозитив Қазақстанның жұмысына басшылық етті.

Юсуфтың Түркияның Анкара қаласындағы университеттің мемлекеттік басқару бакалавры дәрежесі бар. Түрік, ағылшын және орыс тілдерін біледі.

 

Еуразиялық банк топ-менеджмент командасының құрамына келген Юсуфа Асланды құттықтайды және жаңа орында мансаптық табыстар тілейді!

 

Анықтама:

 

Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы қазақстандық әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

 

Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 ж. және 2014 ж.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.