13:30, 2010 жылғы 6 желтоқсан, Алматы – Еуразиялық банк өзінің Fitch Ratings рейтингтік процесіне қатысуын тоқтатуды ұйғарды.
2010 жылдың жазында Еуразиялық банк үш агенттік рейтингілерінің қажетсіздігінен, екеуін қалдыру мақсаты үшін үш рейтингтік агенттікке жүгінді. Үш агентіктен Moody’s және S&P таңдап алынды.
Fitch «Еуразиялық банк» АҚ басшылығымен талқылауларға және/немесе Банктің ішкі құжаттарына емес, тек қана ҚҚА (Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі) деректеріне негізделген ақпараттармен пресс-релиз жариялады. Нәтижесінде Fitch «Еуразиялық банк» АҚ өз рейтингін 2010 жылғы 6 желтоқсаннан қайтарып алды.
«Еуразиялық банк» АҚ Fitch Ratings табысты еңбегіне өз алғысын білдіреді және келешекте бұдан әрі ынтымақтастыққа үміт артады.
Осыған қатысты қандай да бір сұрақтар болған жағдайда, «Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.
«Еуразиялық банк» АҚ 1994 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелді. Банк операцияларын жүргізуге арналған бас лицензия 1995 жылғы 2 ақпанда алынды. Қазіргі уақытта Банк өз қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі банк заңнамасымен қарастырылған ұлттық және шетел валютасындағы операцияларды жүргізуге берген 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №237 лицензияға сәйкес жүзеге асырады.
Еуразиялық банк тұрақтылықты, қаржы сенімділігін, клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсетуді және заманауи банк технологияларын енгізуді өз жұмысында негізгі тірек етеді.
Банк ірі корпоративтік клиенттер, шағын және орта кәсіпорындар, сол сияқты жеке тұлғалар үшін ұзақ мерзімді әрі сенімді әріптес болуға талпынады. Біз қазақстандықтардың әл-ауқаттылығын арттыру үшін бар мүмкіндіктерді жасаймыз, еліміздің нақты экономика секторын дамыту жолында сәтті инвестициялар жасап, қолдап келеміз. Клиенттеріміздің сенімі – біздің басты құндылығымыз.
Қазіргі таңда Еуразиялық банк еліміздің қаржы нарығының белсенді қатысушысы. Банк негізгі мақсаты клиенттік базаны кеңейту, банкті филиал желісі дамыған, ашық, әмбебап қаржы институына айналдыру болып табылатын стратегияны жүзеге асыруда.
«Еуразиялық банк» АҚ
Баспасөз қызметі
Тел.: (727) 259 79 00 (3288)