logo
Қз

Еуразиялық банк 2014 жылдың қорытындысы бойынша қаржы саласының үздік журналистерін марапаттады

Еуразиялық банк қаржылық, экономикалық және банктік тақырыптарға жазатын журналистер арасында өткізілген екінші республикалық конкурсты қорытындылады. Жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси басылымдардан қазақстандық сегіз автор марапатқа ие болды. Марапаттау салтанаты 28 қарашада Алматыда өткізілді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон дипломдар мен мақтау қағаздарын табыс ете отырып, қазақстандық журналистердің көпшілігінің кәсіби деңгейі ұдайы даму үстінде екенін атап өтті.

 

«Ақпараттандыру тұрғысынан ашық банк ретінде біз қаржы саласының жаңалықтары мен тақырыптарының объективті және кәсіби деңгейде жазылуын қолдаймыз. Қалың оқырман қауымға нарықтағы болып жатқан жағдайларды түсінікті етіп баяндайтын, кейбір жағдайларда күрделі қаржылық терминдер мен индикаторларды танып-білуді үйрететін журналистер зор құрметке тұрарлық, – деді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон жеңімпаздарға арналған сөзінде, – Сіздерге жақсы жаңалықтардың жаршысы болып, оқырмандарыңыздың құрметі мен сеніміне бөлене берулеріңізге тілектеспін!».

 

Еуразиялық банк конкурстарды екі жыл бойы өткізіп келе жатыр. Оның мақсаты – журналистер қауымының қаржылық тақырыпқа деген қызығушылығын ояту және осы салада қалам тартқан авторлардың кәсіби шеберліктерін арттыру. 2014 жылы конкурсқа қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде 105 жұмыс жіберді. Конкурсқа 2014 жылғы 1 қаңтардан 1 қарашаға дейін қазақ және орыс тілдерінде жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданды. Құрамында тәуелсіз журналистер мен Еуразиялық банк басшылары бар әділқазылар алқасы коммерциялық негіздегі жарнамалық жаңалықтар мен сюжеттерді қарастырған жоқ.

 

Жеңімпаздарды іріктеудің басты көрсеткіштері – оқиғаны шынайы және әділ баяндау, тақырыптың өзектілігі және оқырманды қаржы саласының ең маңызды оқиғаларымен таныстыру болды. Әділқазы мүшелері сондай-ақ, журналистің қарапайым түсінікті тілмен оқырманның қаржылық сауатын арттыра отырып, қаржы саласындағы инновациялар, жаңа өнімдер мен банктердің қызметтері туралы білім беру, үйрету жағына да көңіл бөлді.

«Қазақстанның банк саласы туралы үздік материал» номинациясының жеңімпаздары: 
1-орын – Валентина Владимирская, Zonakz.Net, Forbes.kz экономикалық шолушысы;
2-орын – Анна Видянова, Kapital.kz апталығының журналисі;
3 место – Гүлнар Тажиева, «Айқын» күнделікті республикалық қоғамдық-саяси газетінің экономика және саясат бөлімінің редакторы
Ынталандыру марапаттары: 
Үздік эксклюзив – Алевтина Донских, «Казахстанская правда» апталығы «Финансовая грамотность» айдарының авторы;
Банк саласындағы инновациялар туралы үздік материал – Александр Васильев, Profit.kz бас редакторы;
Үздік телевизиялық сюжет/репортаж – Жанар Жолтаева, «Халықтық капитал» айдарының редакторы және жүргізушісі, 31-арна;
Аудандық және өңірлік БАҚ-тағы үздік материал – Алена Любушак, «Неделя СК» (Петропавл) облыстық жарнама-ақпараттық апталығының «Экономическая неделя» айдарының авторы;
Еуразиялық банктің қызметі туралы үздік материал – Ирина Ярунина, «Личный счет» сайтының журналисі.                     

 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 146 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж. «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012ж. және 2013ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney , 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2014ж. және 2012ж. номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.