logo
Қз

Еуразиялық банк 2014 жылы 11 миллиард теңгеден аса таза пайдаға қол жеткізді

Еуразиялық банк 2014 жылғы жұмысын қорытындылады. ҚРҰБ стандарттары бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есепке сәйкес Банктің таза табысы салық шегерімімен 11,02 млрд теңгені құрады.

Бір жылдың ішінде Банк активтері 42,3%-ға, 836  млрд теңгеге дейін артты, ал несиелік портфель 32,5%-ға, 609,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2014 жылдың соңында несиелік портфель құрылымында 50% корпоративтік, шағын және орта бизнес үлесіне келеді. Бөлшек портфельдегі қамтамасыз етілмеген қарыздар үлесі  46%-ды құрады.

Банктің таза пайыздық маржасы (NIM) 7%-ды құрады, ол өтімділік тапшылығынан  туындайтын қорға айналдыру құнының өсімі салдарынан бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 15,5%-ға төменірек, Банктің есептелген пайыздық табысымен салыстырғанда нақты қол жеткізген үлесі 2014 жылы 91%-ды құрады, бұл ретте операциялық шығыстардың операциялық кіріске қатынасының көрсеткіші провизиялар шегерімімен 59,1%-ды құрады, ол 2013 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға жоғары. 2014 жылдың нәтижелері бойынша капиталдың тиімділігі (ROAE) 17,9%-ды, активтердің тиімділігі (ROAA) 1,6%-ды құрады.

2014 жылдың соңында Еуразиялық банктің меншік капиталы 88 млрд теңгеден асты. Банк ағымдағы 2015 жылы тіркеушінің екінші деңгейлі банктердің меншік капиталының ең аз мөлшерін арттыру туралы талабына сәйкестікті қамтамасыз ете отырып, көрсеткішті 100 млрд теңгеден асатын деңгейге дейін көтеруді жоспарлап отыр.

Банк Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтонның айтуынша, 2014 жылды табысты, бірақ күрделі деп сипаттауға болады. «2014 жылғы ақпан айындағы теңгенің 19 пайыздық құнсыздануы мен Ресей экономикасындағы проблемаларға байланысты қараша және желтоқсан айларындағы қарыз қаражатының айтарлықтай өсіміне қарамастан, Еуразиялық банк капиталдың тиімділігін жеткілікті жоғары деңгейде, бұл ретте былтырғы жылдың болжамынан төмен ұстап қала алды. Бұл Банктің бизнесті әртараптандыруға деген көзқарасының дұрыстығын растайды. Біз 2015 жыл 2014 жылмен салыстырғанда жеңіл болмайды деп пайымдаймыз және консервативтік түрде әрекет етуді жоспарлап отырмыз», – деді Эгглтон мырза.

Сондай-ақ 2014 жылы Еуразиялық банк сектор бойынша 26,33% орташа көрсеткішпен  проблемалық кредиттер (NPL) үлесін 2013 жылғы 8.9%-дан 7.5%-ға дейін қысқартты (ҚР ҰБ 2014 жылғы желтоқсандағы деректері бойынша).

2014 жылдың соңында Еуразиялық банк қызметкерлерінің саны жалпы штаттың 0,2% құрайтын 12 шетелдік маманды қоса, 6 646 адамды (соның ішінде декрет демалысындағы қызметкерлерді қоса)  құрады.

2014 жылдың негізгі оқиғалары 
– Белсенді бөлшек клиенттер қоры 1 000 000-нан асты  – 2014 жылғы шілде.
– Банк Қазақстанда бірінші болып күн сайын сыйақы есептелетін TURBO – депозитті қолданысқа енгізді – 2014 жылғы сәуір.
–  Қазақстанда алғаш рет Еуразиялық банк ұсынған нағыз ақшалай кэшбэк функциясы бар карталар пайда болды – 2014 жылғы сәуір.
– Банк 7.5% мөлшерде купонмен АҚШ долларында бірінші үш жылдық Еуробондтарды шығарды – 2014 жылғы қазан.
– The Banker «Қазақстандағы жыл банкі» номинациясында Еуразиялық банкті кезекті наградамен марапаттады. – 2014 жылғы қараша.
Кесте: Еуразиялық банктің әртүрлі кезеңдердегі негізгі көрсеткіштер өсімі серпінінің талдауы

Кезең

Жиынтық таза табыс *

Кезең үшін капиталдың орташа тиімділігі  (ROАE)

Филиалдар мен бөлімшелер саны **

Бірегей белсенді клиенттер саны

Қызметкерлер саны мен шетелдік қызметкерлер үлесі ***

1994-2009

2,7 млрд теңге

1,9%

18 (54)

166 740

2 248 (0,5%)

2010-2014

41 млрд теңге

19,2%

20 (143)

1 141 286

5 942 (0,2%)

*ҚРҰБ стандарттары бойынша есепке сәйкес
** Бөлімшелер саны жақшада көрсетілген
*** Шетелдік қызметкерлер үлесі жақшада көрсетілген

 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы наградалармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж.,  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012 және 2013ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2014 және 2012жж.

 

 Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.