logo
Қз

«Еуразиялық банк» АҚ 2012 жылдың 9 айындағы қызмет қорытындылары туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы, 2012 жылғы 09 қараша – «Еуразиялық банк» АҚ аудиттелмеген және шоғырландырылмаған есептілікке сәйкес 2012 жылдың өткен 9 айы үшін өз қызметінің қорытындыларын ұсынды. Банк бірнеше ай қатарынан барлық басты көрсеткіштер бойынша табысты даму жолын жалғастыруда, бұл Банкті қаржылық тұрақты және әмбебап банк институты ретінде сипаттайды.

2012 жылдың 9 айы үшін Пайда және шығындар туралы есептің негізгі көрсеткіштер серпіні келесі түрде:

  • Таза пайда 6,3 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі таза пайдадан 54,9% артық;
  • Таза пайыздық кіріс 42,8%, яғни 14,8 млрд теңге деңгейіне дейін өсті;
  • Таза пайыздық маржа (NIM) ағымдағы жылы 6,8% құрап, 30,8% ұлғайды;
  • Капиталдың тиімділігі (ROAE) 22,8% құрады;

Банктің 2012 жылғы 9 айдағы таза пайдасы өткен 2011 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1,5 есе артып, 6,3 млрд теңгені құрады. Таза пайданың өсуі кредит беру көлемдерінің ұлғаюымен, нақты айтқанда бөлшек секторда кредит беру бойынша рекордты жоғары көрсеткіштерге байланысты.

Банк несие портфелінің сапасын ұдайы жетілдіре отырып, тәуекелдерді басқаруға үлкен мән береді. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Еуразиялық банк бизнесінің құрылымында төлем мерзімін 90 күннен артық кешіктірумен жұмыс істемейтін қарыздар көрсеткіші (NPL) 129,7% тең қарыздар бойынша ықтимал шығындарды жабу коэффиценті жағдайында жиынтық кредит портфелінің 6,4% құрады.

Таза пайыздық маржа өткен 9 ай үшін өткен жылдың ұқсас есепті кезеңімен салыстырғанда 30,8% ұлғайып, 6,8% құрады.

Жылдың 9 айының қорытындылары бойынша 59,5% құраған шығыстардың кірістерге қатынасының өсімі (CIR) жаңа филиалдар мен бөлімшелерді, басқа да сатылым арналарын ашуға, сондай-ақ Банктің техникалық тұғырнамасын жетілдіру жобаларын іске асыруға байланысты шығындарға негізделеді.

Банктің активтері жыл басынан бастап 21,7% ұлғайып, өткен жылдың есепті кезеңінде 442,8 млрд теңгені құрады. Банктің кредит портфелі (брутто) 360,7 млрд теңге деңгейіне дейін ұлғайды, ол ағымдағы жылдың басындағы деректермен салыстырғанда 35,0% артық.

Банктің меншік капиталы 37,4% ұлғайып, жылдың басындағы деректермен салыстырғанда 44,4 млрд теңгені құрады.

Қазақстанның ең тұрақты және қарқынды дамушы банк институттарының бірі болып саналатын Еуразиялық банк корпоративтік, ШОБ және бөлшек секторларды қоса, банк бизнесінің барлық бағыттарын табысты дамытуда. Банктің кредит портфелі келесі түрде әртараптандырылған (2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша):

  • Корпоративтік сегмент – 174,3 млрд теңге (жиынтық несие портфелінің 48,3%);
  • ШОБ – 57,8 млрд теңге (портфельдің 16,0%);
  • Бөлшек сегмент – 128,6 млрд теңге (портфельдің 35,7%).

Қаржылық тұрақтылық, клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету және заманауи банктік технологияларды қолданысқа енгізу – Еуразиялық банк стратегиясының басымдылықтары. Дұрыс таңдау мен алға қойған мақсаттарға табысты қол жеткізу осы жылы халықаралық қаржы басылымдарының Еуразиялық банкке тағайындаған Қазақстанның үздік банкі (Euromoney) және 2012 жылы Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) марапаттарымен расталады.

Сонымен қатар Еуразиялық банктің табысты қызметі S&P рейтинг агенттігінің Банктің ағымдағы ұзақ мерзімді кредит рейтингін 2012 жылғы тамызда «тұрақты» болжамымен B+ деңгейіне дейін растау туралы шешімінде айқындалған. Сондай-ақ ағымдағы жылдың шілде айында қазақстандық «KzRating» агенттігі Банктің кредиттік рейтингін ұлттық шкала бойынша «ВВВ»-тен «A-»-ке дейін және халықаралық шкала бойынша «ВВ-»-тен «BB»-ке дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам – «тұрақты».

2012 жылдың 9 айының қызметін қорытындылай келе, «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Майкл Эгглтон былай деді: «Біз қол жеткізген нәтижелерді мақтан етеміз. Банктің табысты дамуы оның стратегиясының дұрыстығын дәлелдейді және болашаққа одан да батыл жоспарлар құруға мүмкіндік береді».

2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банктің белсенді клиенттер қоры жылдың басындағымен салыстырғанда 123 447 клиентке артып, 605 294 құрады.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (вн. 3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.