logo
Қз

«Еуразиялық банк» АҚ-ның Простокредит бизнесін сатып алу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы

Алматы, 2011 жылғы 2 наурыз. Алдында хабарлағанымыздай, кеше «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығында «Еуразиялық банк» АҚ-ның (бұдан әрі – Банк) Простокредит бизнесін сатып алу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Еуразиялық банк атынан Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон, шағын және орта бизнес департаментінің директоры Жанар Жұбаниязова, «ПростоКредит» ШКҰ» ЖШС атынан коммерциялық директор Бахтияр Қуандықов спикер болды.
Баспасөз конференциясында 20 жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси БАҚ журналистері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Майкл Эгглтон залдағы барлық журналистермен сәлемдесіп, оларды көктемнің алғашқы күнімен құттықтады. Бұдан әрі Банктің Басқарма Төрағасы 2011 жылғы 21 ақпанда Банктің «ПростоКредит» ШКҰ» ЖШС-мен қосылу мәмілесінің аяқталғаны туралы хабарлады. Майкл Эгглтон мәміленің мәні мен оның кейбір ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі ақпараттармен хабардар етті.
Осылайша, келісім талаптарына сәйкес ПростоКредиттің стандартты кредиттер портфелі мәміле аяқталысымен бірден Еуразиялық банктің балансына өтеді. Бұл ретте, ПростоКредиттің ұйымдастырушылық моделі, сату жүйесі мен ақпараттық платформасын қоса алғандағы барлық бизнесі Еуразиялық банктың құрылымына белгілі бір уақыт ішінде біріктіріледі. Интеграция процесі аяқталғанға дейін ПростоКредит нарықтағы Еуразиялық банктің бөлшек бизнесінің бір бренді ретінде, жеке заңды тұлға түрінде әрекет етеді. Сонымен қатар, Еуразиялық банк ПростоКредиттің ағымдағы операцияларымен бірге, кредит беру көлемін ұлғайту жоспарларын қаржыландыруды толық қамтамасыз етіп отыр.
Спикер атап өткендей, Сосьете Женеральмен (ПростоКредиттің бұрынғы иесі) келісілген келісім бойынша мәміленің сомасы мен өзге де егжей-тегжейлері жарияланбайды.
Өз сөзін аяқтай келе, Майкл Эгглтон ПростоКредитпен жасалған мәміле кезіндегі бірге атқарылған табысты жұмыс үшін Сосьете Женеральге алғыс айтты. Сонымен қатар Банк басшысы ПростоКредит командасына тұтынушылық кредит беру нарығындағы күшті және болашағы мол брендті қалыптастыру және дамыту кезеңіндегі кәсібилік пен жоғары корпоративтік рух үшін ризашылығын білдірді.
Бұдан кейін модератор (Юлия Логунова, «Интерфакс-Казахстан» АА баспасөз орталығының басшысы) «ПростоКредит» ШКҰ» ЖШС коммерциялық директоры Бахтияр Қуандықовқа сөз берді.
Спикер өз сөзінде қатысушылардың назарын «Еуразиялық банк» АҚ сияқты қуатты акционердің келуі ПростоКредит үшін бизнесті бұдан әрі дамытуға керемет перспективалар ашатындығына аударды.
Куандыков мырза бүгінгі күні ПростоКредиттің Қазақстан бойынша 600-дей адам еңбек ететін 500-ден астам сату орынының бар екендігін атап өтті. «Біздің клиенттің базамызда 300 000 клиент бар, жалпы сомасы 51 млрд. теңгеден астам кредиттер берілді. Бұның бәрі ПростоКредиттің Қазақстанның тұтынушылық кредит беру нарығындағы көшбасшылардың бірі болып саналатындығын көрсетеді».
Сондай-ақ спикер аталған мәміленің ПростоКредит бизнесін қорға айналдыру саясатының барынша либералдылық есебінен белсенді түрде дамытуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. ПростоКредиттің бұрынғы иесі Сосьете Женераль француз тобы елдің тәуекелін бағалау кезінде бизнестің өсуіне белгілі бір қысым келтіретін консервативтік позиция ұстанатын еді. «Ал қазір акционерлер құрамында нарықтағы жағдайлардан хабары бар және қорға айналдыру саласында ұзақ мерзімді келешегі бар жергілікті қуатты ойыншысы болғандықтан, ПростоКредит активтерінің тез өсуі үшін барлық мүмкіндіктерге ие.
Бұдан әрі модератор сұрақтар мен жауаптар сессиясының басталғаны туралы хабарлады. Күткендегідей, журналистер баспасөз конференциясының тақырыбына немқұрайлық танытпай, спикерлерге көптеген қызықты сұрақтар қойды.
Еуразиялық банктің ПростоКредит бизнесін сатып алу туралы шешімі неден туындады деген сұрақ күткен сұрақтардың бірі еді. Осы сұраққа жауап бере отырып, Майкл Эгглтон осы жағдайда Банктің акционерлері мен топ-менеджерлері Банктің банктік қызмет көрсетудің барлық түрін көрсететін әмбебап, заманауи қаржы институтына айналуын көздейтін қабылданған даму стратегиясын басшылыққа алғандығын атап өтті.
Аталған стратегияны іске асыру ірі корпоративтік бизнестің болуымен қатар бөлшек банкингтің қарқындырақ дамуын білдіреді. Еуразиялық банктің орташа мерзімді келешегінде бөлшек кредит үлесін берілген кредиттердің жалпы санының 50% дейін жеткізу жоспарланған.
Жанар Жұбаниязованың айтуынша, Банктің ПростоКредитпен қосылу процесі аяқталғаннан кейін Еуразиялық банктің жоспарында бизнестің ірі, шағын және орта ойыншыларымен жұмыс жүргізуге ғана емес, осы кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұтынушылық кредиттер беру арқылы бөлшек бизнеске де назар аудару бар.
Осыған байланысты, тұтынушылық кредит беру нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын ПростоКредитпен жасалған мәміле Еуразиялық банктің бөлшек бизнесін жаңа, бұдан да сапалы деңгейге көтереді.
Сонымен бірге бизнесті Еуразиялық банк құрылымына біріктіру процесі кезіндегі ПростоКредиттің қызметкерлер санының қысқару мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Бұған жауап бере отырып, Бахтияр Қуандықов акционерлердің шешімімен ПростоКредит қызметкерлерінің ешқандай қысқартылуы болмайтындығы туралы хабарлады. Бұған қоса, Компания бизнесінің даму перспективасы қызметкерлер санының ұлғайтылуын қажет етеді деді Майкл Эгглтон.
Баспасөз конференциясын аяқтай келе, Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасы: «Құрметті ханымдар мен мырзалар! Қауырт кестелеріңізге қарамастан уақыт тауып баспасөз конференциямызға келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Және де қызықты сұрақтар үшін рақмет. Осы жағдайды пайдалана отырып, залда отырған ханымдар арқылы Қазақстанның барлық әйел-журналистерін алдымыздағы Халықаралық 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, жанұялық бақыт пен шығармашылық табыстар тілеймін. Келесі кездескенше!»
Баспасөз конференциясынан кейін Эгглтон мырза журналистерді бейреси жағдайда пікір алмасу дастарханына шақырды.

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.