logo
Қз

Еуразиялық Банк Ақтөбе қ. жаңа бөлімше ашты

2013 жылдың 13 ақпанында Ақтөбе қ. Еуразиялық Банктің жаңа Бөлшек қызмет көрсету орталығы ашылды. Банктің жаңа № 309 бөлімшесі «МЕГА» Сауда орталығы ғимаратында Маметова көш., 4, № А21 бутигінде жұмыс істейтін болады. Бұл оқиға – Банктің қызметінің кезекті маңызды қадамы, өйткені осыған ұқсас бөлімшелерді ашу және енгізу қазіргі және әлеуетті клиенттердің күткендеріне сәйкес ұсынылатын қызметтердің сервисінің сапасын жақсартуға бағытталған.

Еуразиялық Банктің жаңа бөлшек желі ұяшығы – БҚО – бұл ықшам аумақта ұсынылатын клиенттерге арналған банктік қызмет көрсетудің ең жоғары жинақталымы. Орталық клиенттер үшін қаржы әлеміндегі жолсерік болады және карта шотын толықтыруға, төлемдер жүргізуге, кредитті өтеуге, сондай-ақ банктің кез келген басқа қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

Еуразиялық Банктің жаңа Орталығының құрамдас бөлігі ретінде «жайлылығын» ерекше атап өтпеуге болмайды. Жайлылық – бұл жаңа бөлімшелердің шешуші буындарының бірі. БҚО ғимаратының орналасуының ықшамдылығы әрі қолайлылығы сол, осы шағын аумақта адасу мүмкін емес. Онда өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, Сервис-Гид тіреуі және құпия келіссөздерге арналған арнайы орындар орналастырылған. Оның үстіне, БҚО концепциясы болашақта жұмсақ отырғыштары бар қолайлы демалыс орындарының, балалар алаңы мен ақпараттық экранның болуын болжайды.

Еуразиялық Банк Еуропада кеңінен қолданылатын электрондық кассалық рециркуляторларды (ЭКР) пайдалануға енгізгенін атап өту қажет. Міне, енді осындай аппараттың бірі Ақтөбе қ. № 309 бөлімшеде жұмыс істейтін болады. ЭКР дегеніміз – қолма-қол ақшаны беруге және сақтауға, оның түпнұсқалығын тексеруге, қабылдауды автоматтандыруға арналған аппарат. Бұл – қаржылық кеңесші мен кассирді бір тұлғаға біріктіріп, «әмбебап менеджер» құруға мүмкіндік беретін болашақтың технологиясы. Бұдан былай ЭКР бар бөлімшелерде «бір терезе» принципі әрекет етеді – шоттарды ашу/жабу, ағымдағы және жинақ шоттары бойынша қолма-қол ақшаны енгізу және алу, кредитті ресімдеу және беру (лимиттер есебімен), кредитті өтеу, депозитті ресімдеу, шот ашумен бірге аударымдар, маманның кеңесі – бұның бәрі де клиентке қысқа мерзімнің ішінде қолжетімді болады.

Зерттеулер клиенттер Банкке келген кезде: неден бастасам екен? қай қызметкерге барсам болады? банкомат арқылы коммуналдық төлемдерді қалай жүргізсем? – деп абыржып қалатынын көрсетеді. Осыған ұқсас қолайсыздықтар туындамауы үшін Еуразиялық Банктің қызметкерлері гидтың рөлін өздеріне алып, клиентті қаржылық мақсаттағы пунктке тез және сенімді «жеткізеді».

2012 жыл Еуразиялық Банк үшін барлық қарым-қатынастарда жетістікті болуы оны беделді үш халықаралық қаржылық басылымдардың ­- Қазақстанның үздік банкі (Euromoney), Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) және Қазақстанның жыл банкі (The Banker) марапаттарын алуымен дәлелденеді.

№ 309 бөлімшенің қолайлы жұмыс кестесі (жұмыс күндері – сағат 10.00-ден – 20.00-ге дейін, демалыс күндері – 10.00-ден 22.00-ге дейін) Банктің қызметтерін барлық клиенттер үшін қолжетімді жасайды. Сенімді жолбастаушымен саяхат жасау – жеңіл және қызық. Еуразиялық Банк тиімді қаржылық шешімдерге жедел және сенімді бағытпен жеткізеді!

Еуразиялық Банк туралы: 
Клиенттерге барлық буындарда өнімдер мен қызметтерді ұсынатын әмбебап банк. Банк 1994 ж. құрылған, Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалдары және 120 бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. Соңғы рейтингі «тұрақты» болжамымен S&P: В+ . KASE мүшесі, KazPrime қатынасушысы.

Қазақстанның үздік банкі (Euromoney), Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) және Қазақстанның Жыл банкі (The Banker) атауларымен марапатталуы – Банктің 2012 жылғы табысты қызметінің бұлтартпас дәлелі.

«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (ішкі 4802)
Malika.Buldekbayeva@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.