logo
Қз

Еуразиялық банк Алматы қ. Private Banking жаңа бөлімшесін ашты

Алматы, 2012 жылғы 12 қараша
2012 жылғы 9 қарашада Еуразиялық банктің жаңа Private Banking Клиенттерге жеке қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы болды. Жаңа бөлімше Банктің ерекше артықшылықты клиенттерге жеке банктік қызмет көрсету саласында ауқымды эксклюзивті қызметтер кешенін ұсыну мүмкіндігін кеңейтеді. Банк өз клиенттеріне мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын, құпиялылық және жеке қаржы менеджерлерінің қызметтеріне тәулік бойы қолжетімділік мүмкіндігін ұсынады.

Еуразиялықтың Private Banking клиенттеріне арналған қосымша артықшылықтардың бірі Банктің Diamond Club ерекше дәрежелі клубының мүшелігі болып табылады, бұл оның мүшелеріне санаулы тұлғалар тобына ғана қолжетімді әр алуан тамаша мүмкіндіктердің есігін ашады. Әдеттегі банкингпен қатар клиенттер Банк серіктестерінің инвестициялық банкинг саласындағы, трасттық және фидуциарлық қызметтер және Life style management қызметтерін (білім беру, медицина, сақтандыру, жылжымайтын мүлік және т.б. тәрізді өмірдің барлық саласында кешенді жеке қызмет көрсету) пайдалана алады.

«Еуразиялық банк VIP клиенттерді жоғары сапалы бірегей қызметтер жиынтығымен қамтамасыз ете отырып, оларға қызмет көрсету үшін барынша қолайлы және жағымды жағдайлар жасауға тырысады, — деді «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Майкл Эгглтон. — Банктің құрылған жылдардан бергі әртүрлі клиенттер тобымен жұмыс жүргізуден жиналған айтарлықтай тәжірибесі клиенттерге эксклюзивті банктік сервис ұсыну үшін өзінің халықаралық байланыстарын толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді».

«Еуразиялық банк» АҚ Private Banking бағытындағы ірі серіктестерінің бірі Швейцарияның Julius Baer, Lombard Odier, Societe Generale (Женева бөлімшесі) сынды әлемге белгілі банктері екендігін атап өту қажет. Банктің жаһандық серіктестері сапалы трасттық және инвестициялық қызметтер көрсететін аса беделді алдыңғы қатарлы қаржы институттары болып табылатындығымен әйгілі. Julius Baer – басқаруында 197 млрд АҚШ доллары сомасында активтері бар, 1890 жылы құрылған, Global Finance халықаралық баспасы «2012 жылғы ең үздік Жаһандық Приват Банк» деп таныған банк. Lombard Odier 18-ғасырдың соңында құрылған Швейцарияның ірі әрі ежелгі банктерінің бірі, қазіргі күнге дейін Lombard және Odier отбасыларының мүшелері басқарады. Бұл банктің басқаруындағы активтер 145 млрд АҚШ долларын құрайды. Еуразиялық банк 2011 жылы Простокредит бөлшек бизнесін сатып алған Парижде орналасқан Societe Generale Group құрамына кіретін, Societe Generale (Женева) келер болсақ, әлемге танымал бұл қаржы институты 1864 жылы құрылған және басқаруында жалпы құны 100 млрд АҚШ долларынан астам активтері бар.

Айта кетер бір жайт, Еуразиялық банктің Private Banking жаңа бөлімшесінің дизайнын Autorino Associati басқарушы серіктесі болып табылатын, интерьер дизайны, корпоративтік және сәулет дизайны саласында 16-жылдық тәжірибесі бар әйгілі әрі талантты итальяндық дизайнер-сәулетші Сальваторе Ауторино жасаған.

Еуразиялық банктің Private Banking жаңа бөлімшесінің орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан д-лы, 92/87 үй (Қабанбай батыр к-нің жағынан), «Столичный» ТК. Сонымен қатар Private Banking клиенттеріне арналған офис Іле алатауының тау бөктеріндегі Жайлау гольф-курортында жұмыс істейді.

Анықтама үшін:
Еуразиялық банк – жоғары даму көрсеткіштерін айқындайтын қаржылық тұрақты банктік институт. Бүгінгі күні Еуразиялық банктің 18 филиалы мен 63 бөлімшесі және 1000 астам қызмет көрсету орыны бар. Елімізде өңірлік экспанция бағдарламасының аясында 2012 жылдың соңына дейін толық қызмет көрсету саласымен 2 филиал және 58 бөлшек қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банктің белсенді клиенттер қоры 605 294 адамды құрады.

Банктің табысты қызметі осы жылы халықаралық қаржы басылымдарының Еуразиялық банкке тағайындаған Қазақстанның үздік банкі (Euromoney) және 2012 жылы Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) марапаттарымен расталады.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (вн. 3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.