logo
Қз

Еуразиялық банк «Алтын тәж»/«Золотая Корона» ақша аударымдары сервисіне қосылды

Қазақстандағы «Алтын тәж»/«Золотая Корона» ақша аударымдары сервисінің жаңа серіктесі республикадағы  ірі кредиттік мекемелердің ондығына  кіретін  Еуразиялық  банк болды. Банктің 100-ден аса бөлімшелері таяу уақытта «Алтын тәж»/«Золотая Корона» ақша аударымдарын жіберуші және алушы клиенттерге қызмет көрсетуге кіріседі.

«Қаржылық сенімділік, клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету және ең заманауи банктік технологияларды ендіру – Еуразиялық банктің өзінің жұмысын құрған іргетасы. Біз  ақша аударымдары операторларымен тығыз ынтымақтаса жұмыс істейміз, өйткені бұл қызметтер біздің  клиенттерімізге қажет. Ресейлік жүйемен бірігіп жұмыс істеу біз үшін олардың техногиялылықтарының жоғары болуымен де маңызды. «Алтын тәж»/«Золотая Корона» ақша аударымдары сервисі – соның айқын дәлелі. Бұдан басқа, «Алтын тәж»/«Золотая Корона» ақша аударымдары серіктестерінің географиясының ауқымдылығы мен пайдалы тарифтері – бұл біздің бөлшек бизнестің дамуына қосылған жақсы үлес», – деп атап өтті Еуразиялық банктің Атқарушы  директоры – Карточкалық бизнес және төлем қызметтері басқармасының бастығы Татьяна Бурнакина.

«Еуразиялық банк, сондай-ақ  «Алтын тәж»/«Золотая Корона» «қадамдық қолжетімділікте қызмет көрсету» ұранымен жұмыс істеуде. Әрқашан клиенттермен бірге болу және олардың қаржылық міндеттерді шешуіне көмек көрсету – міне, бізді біріктіретін осы, – дейді «Алтын тәж»/«Золотая Корона» сервисі  директорының орынбасары  Олеся Федорова. – Ақша аударымдарына бүгінде ең алдымен сапалы сервис қажет. Біз жіберушілер мен алушыларға ең жоғары қолайлылықты қамтамасыз ету үшін серіктестік желіні дамытудамыз. Қазақстанда ауқымды географияны иеленген Еуразиялық банкпен ынтымақтастық – бұл біздің клиенттерге қарай жасаған тағы бір қадамымыз».

Еуразиялық банктің бөлімшелерінде «Алтын тәж»/«Золотая Корона» ақша аударымдары  рубльмен, АҚШ долларымен және еурода жүргізілуде. Қызмет көрсету тарифі  – транзакцияның бағытына байланысты  1%-ды құрайды. Аударымды  Ресейге,  Грузияға, Қазақстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Өзбекстанға,  Украинаға, Абхазияға, Әзербайжанға, Беларусьқа, Молдоваға, Түркияға, Қытайға жіберуге болады. «Алтын тәж»/«Золотая Корона» ақша аударымдары мекенжайсыз пішімде жасалады. Аударымның жағдайын www.perevod-korona.com. сервистің on-line сайтынан қадағалайды.

 

Еуразиялық  банк –    барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. Қазақстандағы тұтынушылық кредит беру аумағындағы  көшбасшылардың бірі болып табылады және қазақстандық банктік секторда сенімді қаржылық институт мәртебесін иеленген. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді. Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.