logo
Қз

Еуразиялық банк автокредит беру нарығында көшбасшылық ұстанымын жалғастыруда

2015 жылғы ақпан айының бірінші аптасында Еуразиялық банк 580-нен аса кредит берді, ал 2015 жылдың басынан бері Банк 1 880-нен аса жаңа автомобиль сатып алуға кредит бөлді. Қазақстанда жұмыс істейтін көптеген автодилерлердің серіктесі бола отырып, Еуразиялық банктің ел аумағында орналасқан 180-нен аса автосалонда өзінің дербес кредит беру орындары жұмыс істейді.

2014 жылы Еуразиялық банк автокредит беру саласында нағыз көшбасшы болды: жаңа авто сатып алуға қарыз беру нарығындағы Банктің үлесі 51%-ды құрады.Өткен жылы Қазақстанда сатып алынған әрбір төртінші жаңа автомобильді Еуразиялық банк қаржыландырған. 2014 жылғы шілде айында Еуразиялық банк автокредит беру бойынша өзіндік рекордқа қол жеткізді: небәрі бір айда берілген автокредит саны 4 670-ті құрады.

Банк пен «Рено Россия» ЖАҚ арасында Қазақстан аумағында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою автокредит беру сегментіндегі тағы бір атаулы оқиға болды. Келісім аясында Еуразиялық банктің клиенттері  Renault маркалы автомобильдерді бірегей шарттарда сатып алу және қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болды. Клиенттердің тарапынан үлкен сұраныстағы Renault Duster маркалы автомобильдерге жеңілдік тарифтер 2014 жылғы қараша айында іске қосылған болатын. Серіктестік шеңберінде Банк клиенттер үшін 2015 жылы да жаңа акцияларды қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

Еуразиялық банктің былтырғы жылғы деректері бойынша қазақстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие болған Lada автомобилі, екінші орында KIA, ал үздік үштіктің үшінші орнында Hyundai көлігі жайғасқан. Жүргізуші әйелдер саны артқаны байқалады: Еуразиялық банк талдаушыларының мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылғы қарыз алушылар қатарындағы әуесқой автокөлік жүргізуші әйелдер үлесі бір жыл ішінде 1,3%-ға артып, 35%-ды құрап отыр. Көбінесе, әдеттегі клиент – жасы 25 пен 40 арасындағы әуесқой көлік жүргізуші ер адамдар. Қарыз алушылардың жартысына жуығы (46,5%) орта немесе жоғары буын менеджері лауазымында жұмыс істейтіндер.

Еуразиялық банк жыл  сайын бюджеттік, сондай-ақ таңдаулы автөкөліктер сатып алуға кредиттер ұсына отырып, автокредит беру көлемін ұлғайта түсуде. 2011 жылы Еуразиялық банк орташа есеппен күніне 17 автокредит берген болатын. 2012 жылы бұл көлем 51 автокредитке дейін көтерілді, ал 2013 жылы Банк осы көрсеткішті екі еселеді (күніне 132 кредитке дейін), ал нарық үшін оңай болмаған 2014 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банк автокредиттердің орташа көлемін күніне 169-ға дейін арттырған.

Атқарушы директор – Еуразиялық банктің стратегиялық серіктестермен жұмыс жүргізу және бөлшек өнімдерді әзірлеу басқармасының бастығы Дмитрий Мусиенко Еуразиялық банк көрсеткіштерін төмендетуді ойламайтыны туралы мәлімдеді: «Автонарықтағы соңғы оқиғаларға қарамастан біз қазақстандық дилерлердің ұсыныстарына деген сұраудың айтарлықтай төмендеуін атамаған болар едік. Ойластырылған кредиттік бағдарламалардың арқасында біздің клиенттеріміз жедел, қауіпсіз және  тиімді шарттарда жаңа көлік иелері болары сөзсіз».

Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы наградалармен марапатталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж.,  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012 және 2013ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2014 және 2012жж.

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.