logo
Қз

Еуразиялық банк басшылығының мәлімдемесі

2015 жылғы 19 қаңтар. Еуразиялық банк акционерлік қоғамы банктің ішкі нормативтік құжаттары мен Этика және іскерлік мінез-құлық кодексінің талаптарын өрескел бұзғаны үшін атқарушы директор – карточкалық бизнес және төлем қызметтері басқармасының бастығы лауазымын атқарған орта буын басшысы Татьяна Бурнакинамен еңбек шартын бұзғаны туралы хабарлайды.

Оның алдында, 2015 жылғы 16 қаңтарда Бурнакина ханым шетелдік интернет-басылымдардың біріне банк санкцияламаған сұхбат берген. Онда банктің бұрынғы қызметкері жеке өзінің көзқарасын білдіретін және банк басшылығы мен қызметкерлері құптамайтын бірқатар теріс пікірлер білдірген. Осыған байланысты банк басқармасы Бурнакина ханыммен еңбек қатынастарын дереу тоқтату туралы   шешім қабылдады. Өз кезегінде, банктің заң қызметі бұрынғы қызметкеріне талап-арыз қою мүмкіндігін қарастырып отыр.

Сондай-ақ, банк Бурнакина ханымның ішкі алаяқтық фактілері туралы мәлімдемесі шындыққа сәйкес емес екендігін ескертеді. Ішкі тексеру барысында қауіпсіздік қызметі бұрынғы қызметкердің сұхбатында бұрын орын алған алаяқтық фактілері туралы ақпаратқа сүйенгенін анықтады. Ол жағдайды қауіпсіздік қызметі әшкерелеп, тергеуге құқық қорғау органдары тартылған болатын. Өз кезінде барлық осы оқиғалар туралы тіркеуші  мен БАҚ уақтылы хабарландырылған болатын.

Банк басшылығы ішкі бақылау жүйесі оперативтік мәліметтерінің тиімділігі мен шынайылығына сенімді. Солай бола тұра, басқарма қауіпсіздік қызметі мен ішкі аудит қызметтеріне қосымша тексеру жүргізу туралы тапсырма берді.

Банк ақпараттың ашықтығы мен заңды сақтау қағидаларын қатаң ұстанады. Заңды бұзу әрекеттері мен фактілері туралы мәліметтерді банктің қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп тексереді. Барлық қажетті ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуші мен БАҚ-қа жіберіледі.

Клиенттердің мүддесін қорғау және клиенттер туралы ақпараттың құпиялығын сақтау Еуразиялық банк жұмысының басты басымдылығы болып саналады.

 

Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 146 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ, ұлттық шкала бойынша А, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы марапаттармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж.,  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012 және 2013ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2014 және 2012жж.

 «Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.