logo
Қз

Еуразиялық банк EMEA Finance басылымының нұсқасы бойынша «Қазақстанның үздік банкі» деп танылды

Еуразиялық банк 2014 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша жыл сайын өткізілетін Europe Banking Awards конкурсының «Қазақстанның үздік банкі» номинациясында тағы да жеңімпаз деп танылды. Бұл халықаралық EMEA Finance басылымы сарапшыларының екінші наградасы: Банк 2013 жылы қол жеткізген атақты сақтай білді. Бұрынырақ журнал Еуразиялық банктің Орталық және Шығыс Еуропада тағы бір – «Секьюриттеу бойынша үздік мәміле» номинациясында жеңімпаз болғанын хабарлаған.

EMEA Finance — Еуропаның, Қиыр Шығыс пен Африканың (EMEA өңірі) қаржы нарықтарындағы ең маңызды оқиғалар туралы баяндайтын мамандандырылған басылым. Бас офисі Лондонда орналасқан бұл журналдың бүкіл дүниежүзі бойынша оқырмандар ауқымы өте кең. Басылым сарапшылары әлем өңірлерінің үздік банктерін 20 номинация бойынша марапаттайды. Бағалау кезінде қаржы көрсеткіштері, бизнес-бағыттардың өсу қарқыны, корпоративтік стратегия мен бірқатар басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Қазылар алқасында – жетекші әлемдік талдаушылар мен кеңесшілер. Шешімдер ашық қолжетімділік деректері – есептер мен банктің басқа да құжаттары негізінде, сондай-ақ өңірдегі нарықтардың жағдайы туралы дербес талдаулар негізінде қабылданады.

Награда туралы Еуразиялық банктің төрағасы: «Біздің жұмысымыз кезекті рет жоғары бағаға ие болғанына қуаныштымын. Экономикадағы күрделі жағдайларға қарамастан, 2014 жылы Еуразиялық банк тағы да жақсы өсім қарқынын көрсетті. Банк нарыққа инновациялық өнімдерді ұсына отырып, жыл бойы техникалық тұғырнаманы дамытуды және жаңғыртуды жалғастырды.  EMEA Finance басылымының жаңа наградасы – бұл Еуразиялық банк таңдаған бизнес-стратегияның дұрыстығын мойындау», – деп бағалады.

Еуразиялық банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы наградалармен марапатталған: 2013ж. Euromoney басылымы – «Қазақстанның үздік банкі», 2012 және 2013жж. Asian Banking&Finance басылымы – «Қазақстанның үздік бөлшек банкі». The Banker журналы Еуразиялық банкті екі рет, 2012 және 2014жж. «Қазақстандағы жыл банкі» деп атады.

Анықтама:
Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
EMEA Finance – Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (EMEA өңірі) елдеріндегі бизнес-процестер мен қаржылық талдау бойынша мамандандырылған тәуелсіз британдық басылым

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3024)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.