logo
Қз

Еуразиялық банк жеңілдік шарттармен автокредиттер бере бастады

Еуразиялық банк автокөлік сатып алуға жеңілдікпен қарыз бере бастады. Қолжетімді автокредиттер Қазақстанда жинақталған, құны 5 600 000 теңгеден (30 мың доллар) аспайтын машиналарға қатысты қолданылады. Жеңілдік бағдарлама бойынша пайыздық мөлшерлемелер әдеттегіден төменірек. Номиналды мөлшерлеме – 4%, тиімді мөлшерлеме – жылдық 7,5% дейін. Бастапқы жарна авто құнынан 10-20% құрайды, кредит беру мерзімі – бес жылға дейін.

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы Қазақстанда бірінші рет іске қосылып отыр. Қазақстан Үкіметі осы мақсаттарға арнап екінші деңгейлі банктерге 15 миллиард теңге бөлді. Бағдарлама операторы – Қазақстанның Даму Банкі. Еуразиялық банк бағдарламаға қатысушы алты банктің арасында көлемі жағынан екінші транш – үш миллиард теңгеге ие болды.

Еуразиялық банк қазақстандық автокредит беру нарығында көшбасшы болып саналады: 2014 жылы Қазақстанда сатып алынған әрбір төртінші жаңа автомобильге Еуразиялық банк кредит бөлген болатын. Қазақстанның барлық қалаларында орналасқан 180-нен аса автосалонда Банктің дербес кредит беру орындары бар. 2015 жылғы бірінші тоқсан ішінде ғана Еуразиялық банк алты мыңнан аса автокредит берді. Жыл басынан бері ең көп сұранысқа ие Lada маркалы автомобильдер, берілген қарыздардың жартысы олардың үлесіне тиеді. Таралым бойынша екінші орында – Hyundai және Kia, олардың үлесіндесі – барлық автокредиттердің мөлшермен үшінші бөлігі.

«Көршілес Ресейдегі экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы мен рубль бағамының құлдырауы қазақстандық автокөліктерге деген сұраныстың ресейлік автокөліктерге ауысуына ықпал етті, ол өз кезегінде автокредит беру қарқынының бәсеңдеуіне әкелді. Орын алған жағдайда да Еуразиялық банктің автокредиттері тұрақты сұраныста болды. Іске қосылған қазақстандық автоөндірісті қолдау бағдарламасы жергілікті автоөндірушілерді қолдауға, ал қазақстандықтарға – теңдессіз тиімді шарттарда жаңа автокөлік сатып алуға мүмкіндік беруге лайықты», – дейді Еуразиялық банктің атқарушы директоры Шолпан Мұратбекова.

Жеңілдік бағамен Chevrolet, Kia, Skoda, Lada, Peugeot, ZAZ, SsangYong және Hyundai маркалы автомобильдерді сатып алуға болады. Кредиттік өтінімдер Еуразиялық банк серіктестерінің барлық «БИПЭК Авто», «Азия Авто», «Астана Моторс», Allur Auto, Hyundai автосаландарында, сондай-ақ  «СарыарқаАвтоПром» және «Агромашхолдинг» сауда орындарында қабылданады. Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қатысу үшін жеке куәлікпен кез келген аталған автосалондағы менеджерге жолығуға болады.

Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 146 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KZRating: KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ, ұлттық шкала бойынша А, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы наградалармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж.,  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012 және 2013ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014жж.

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.