logo
Қз

Еуразиялық банк картасын ұстаушылар Хорхе Лоренцоның жеңістері үшін қосымша CashBack-ке ие болады

25.08.2014, Алматы. Еуразиялық банк қыркүйектен бастап карталар бойынша жүргізілетін транзакциялар үшін CashBack-ті ұлғайтады. Мұндай карта ұстаушылар MotoGP Card және Turbo Card карталары бойынша транзакциялар сомасынан 0,5% кепілдендірілген қайтаруға қоса, демеушісі Еуразиялық банк болып табылатын Movistar Yamaha MotoGP командасының аты аңызға айналған мотошабандозы Хорхе Лоренцоның тректегі жеңісіне қарай қосымша CashBack (0,15% бастап 0,5% дейін) алу мүмкіндігі бар. Енді қосымша CashBack Хорхе Лоренцоның жарыстағы «күмісі» мен «қоласы» үшін де есептеледі: мотошабандоздың құрмет тұғырындағы бірінші орын үшін – 0,5%, екінші орын үшін – 0,25%, үшінші орын үшін – 0,15%.
Қолма-қол ақшаға қарағанда, сатып алулар мен қызметтерге Еуразиялық банктің картасымен төлем жасаған тиімдірек: картамен әрбір төлем жасаған сайын банк транзакция сомасынан 0,5% қайтарып отырады. Мұндай жүйе әлемде CashBack деп аталады, ал Еуразиялық банк Қазақстанда бірінші болып аталған өнімді VISA карталарында қолданысқа енгізді, осылайша транзакция жүргізіле салып, клиенттердің картасына «нақты» ақша қайтарылады.
CashBack төлеу келесі түрде іске асырылады: MotoGP Card және Turbo Card карталары бойынша кез келген сатып алудан ақшаны кепілді қайтару (0,5%) транзакцияны есептен шығарған кезде картаның шотына аударылады. Қосымша CashBack (0,15% бастап 0,5% дейін) алдыңғы айда кепілдендірілген CashBack есептеуіне жатқызылған барлық транзакцияларға қатысты Хорхе Лоренцоның құрмет тұғырында орын алған айдың қорытындысы бойынша төленеді.
Мысалы, егер мотошабандоз Сан-Маринода өтетін 14 қыркүйектегі жарыста бірінші орын алатын болса, онда MotoGP Card және Turbo Card картасын ұстаушыларға тамызда кепілдендірілген CashBack есептелген транзакциялардан тағы 0,5% қайтарылады. Бұл жағдайда қосымша CashBack қазан айының басында төленеді. Егер Хорхе Лоренцо бір айдың ішінде бірнеше жүлделі орынға ие болатын болса, онда ақшаны транзакциялардан картаға қосымша қайтару ең жоғарғы орын үшін бір рет жүргізіледі.
Еуразиялық банкте TURBO-депозит ашып (салымшылар Visa Classic Unembossed деңгейіндегі VISA CashBack Turbo Card картасын картаның бүкіл қолданылу мерзіміне тегін алады) немесе Банктің ең жақын орналасқан бөлімшесінде CashBack MotoGP Card картасын ресімдеп, CashBack функциясы бар картаның иесі болуға болады. Атаусыз VISA Classic Unembossed картасын Банкке өтініш берген сәтте дереу алуға болады немесе атаулы картаға тапсырыс беруге болады: шығару мерзімі – 10 жұмыс күніне дейін.
Ағымдағы жылдың соңына дейін мотошабандоз Хорхе Лоренцоның Еуразиялық банктің клиенттерін қосымша CashBack-пен қуантатындай тағы 6 мүмкіндігі болады: 14 және 28 қыркүйекте, 12,19, 26 қазанда және 9 қарашада. MotoGP жарыстарын СТВ телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады. Көрсетілім демеушісі – Еуразиялық банк. Хорхе Лоренцо тректе жылдам болған сайын Еуразиялық банк клиенттерінің картасына жүргізілген транзакциялардан ақша көбірек қайтарылады.
Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 145 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.