logo
Қз

Еуразиялық банк KASE сауда жүйесінде субординацияланған облигациялар орналастыру туралы хабарлайды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы, 2013 жылғы 11 сәуір – «Еуразиялық банк» АҚ 2013 жылғы 09 сәуірде Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда жүйесінде Банктің табыстылығы жылдық 11,15% құрайтын номиналды құны 5,5 млрд теңге 10 жылғы (өтеу мерзіміне дейін) субординацияланған облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілгені туралы хабарлайды.

Банк сауда-саттықта номиналды құны 3,0 млрд теңге субординацияланған облигацияларды орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық мәні – бағалы қағаздың номиналды құнынан үтірден кейін төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен пайыздық мәнде берілген облигациялардың «таза» бағасы (жинақталған мүддені ескермегенде).

Сауда-саттыққа 10 өтінім берген KASE мүшелері қатысты, өтінім беру кезеңі аяқталу сәтінде олардың ішінде 55 162 000 облигация сатып алуға 8 өтінім белсенді болды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 183,9% құрады.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) үлесіне 36,3%, брокерлік-дилерлік компаниялар үлесіне 28,1%, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне 35,6% тең келеді. Сауда-саттық нәтижесінде төмендету бағасы 66,7340% құрады, ол жылдық 11,15% мөлшерінде облигациялар табыстылығының өтеміне сәйкес келеді. Барлық белсенді өтінімдер толық көлемде қанағаттандырылды.

Еуразиялық банк туралы: 
Барлық сегменттің клиенттеріне өнімдер мен қызметтерді ұсынушы әмбебап банк. 1994 ж. құрылған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 120 бөлімшесі, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен «В+». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы. 2013 жылғы сәуір айының басында Банкте 699 948 белсенді клиент, соның ішінде 12 835 заңды және 687 113 жеке тұлға тіркелген. Банктің 2012 жылғы табысты қызметі Қазақстанның үздік банкі (Euromoney), Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) және Қазақстандағы жыл банкі (The Banker) марапаттарымен расталады.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)

Malika.Buldekbayeva@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.