2012 жылғы 06 желтоқсанда «Еуразиялық банк» АҚ KazPrime қазақстандық банкаралық депозиттер индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімнің қатысушысы болды.
KASE талаптарына сәйкес Келісімнің қатысушылары басқа Қатысушыларды қанағаттандырарлықтай беделі мен кредиттік сапасы жоғары, Қазақстанның банкаралық ақша нарығының белсенді қатысушысы болуы қажет. Қатысушылар саны бестен кем және оннан артық болуы мүмкін.
«Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон сөздерімен айтсақ: «Банктің KazPrime индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімнің қатысушылары құрамына кіруі Еуразиялық банктің Қазақстанның банк нарығында маңызды орын алатындығының тағы бір көрінісі болып табылады. Бұл біздің клиенттер үшін барынша сапалы қызмет көрсетуге күш салуымызды талап ететін жақсы жаңалық».
KazPrime индикаторы Қазақстан үшін кредит сапасы үздік банктер арасында банкаралық нарық депозиттерінде ақшаны орналастыру кезіндегі олардың құн көрсеткішін (қазақстандық теңге) білдіреді. KazPrime индикаторын есептеу күнделікті Келісім қатысушыларының KASE сауда жүйесіне беретін баға белгілеу мәндері бойынша жүргізіледі.
«Еуразиялық банк» АҚ Келісімге қосылу туралы өтінішті «Қазақстан қор биржасы» (KASE) АҚ-на ағымдағы жылдық 06 қарашасында берген болатын. Банктің өтінішін Келісімнің басқа қатысушылары белгіленген тәртіпке сәйкес қарастырып, мақұлдаған. 2012 жылғы 06 желтоқсаннан бастап KASE сауда жүйесінде «Еуразиялық банк» АҚ үшін баға белгілеуді шығару күні болып белгіленді.
Бүгінгі күннің өзінде-ақ «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ KazPrime индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімнің қатысушылары болып табылады.
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (вн. 3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz
www.eubank.kz